Жаңалықтар

Шығыстың қос шыңы

  • Cурет автордан

    Cурет автордан

«Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 27 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ. Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр...», - делінген


Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай, яғни, қазір өзін сөзбен емес, іспен дәлелдеп, өзгелерге үлгі болып жүрген азаматтарды тарих бетіне шығару мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық сананы жаңғырту үшін үкімет алдына нақты тапсырмалар қойған болатын.



Елбасы мақаласының басым алты бағыты бар екенін бүгінде баршамыз жақсы білеміз. Ол бірнеше бағдарламадан да тұрады. Әрбірінің формасы, жүзеге асу механизмі әр түрлі болғанымен, баршасының мақсаты бір – халықтың санасын жаңғырту, рухани құндылықтарымызды қайта тірілту.


Аталған мақалада көрсетілген маңызды жобалардың бірі – «Қазақстанның 100 жаңа есімі». Аталған жоба өз мәресіне жетіп, бүкіл қазақстандықтар еліміздің 100 су жаңа есімін анықтап тастады. Айта кететін болсам, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының тізіміне қоғамдағы барлық саланың өкілдері: дәрігерлер, кәсіпкерлер, ғалымдар, мұғалімдер, спортшылар, өнер қайраткерлері және өзге де салада өнегелі еңбек етіп жүрген адамдар кірген.



Сол Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасының жеңімпаздары, білім саласының майталмандары Ержан Жұмабек және Қуаныш Жұмабекпен Алатау ауданына қарасты И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектептің шәкірттерін жүздестірудің сәті түсті. Осыған орай, "Білім беру саласының үздігі", ақын, "Серпер" жастар сыйлығының иегері, "Мәдениет саласының үздігі", докторант Ержан Жұмабек мектеп түлектерімен өз ойымен бөлісіп, жас буынға мотивациялық демеу берді.


Ержан Жұмабектің ізін басушы жас ақындарымыз 9 "Ә" сынып оқушысы Маратова Арайлым, 8 "А" сынып оқушылары Талғатұлы Шынболат, Талғатұлы Жанболат, 7 "Ә" сынып оқушысы Абсамат Сырым, 3 "Б" сынып оқушысы Капбас Зере, 2 "А" сынып оқушысы Абсамат Заңғар өз шығармашылығынан өлең жырларын оқыды.



Оқушыларға жақсы тілегін білдіре отырып, осы кездесуді ұйымдастырған мектеп директоры Алмасбаева Қаламқас Қалиқызына, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Егиншиева Анар Тұрысжанқызына, Мусабекова Мақпал Жәнібекқызына және тарих пәнінің мұғалімі Базарбаева Жазира Дилмуратқызына ризашылығын білдіріп, өзінің авторлық өлеңдерін оқып, кездесуді жаңдандыра түсті.


Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, «Рухани жаңғыру» идеясы болсын, оның ішіндегі өзге де басым бағыттар болсын, бәрі де қазақстандықтардың санасын түбегейлі өзгертуге, руханиятымызды жаңғыртуға бағытталған. «Рухани жаңғыру» – идеологияны реттейтін құрал. Сондықтан, бұл бағдарламаны жүзеге асыру оның орындалуына әрбіріміз жауаптымыз.


Мусабекова Макпал Жаныбековна

Алматы қаласы Алатау ауданы

И.Қ.Мандоки атындағы №154 ЖББМ

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


 




Көрілген: 1165    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.01.2019, 19:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31