Жаңалықтар

Шымкент мектептерінде ақша жинау үшін терминал орнатылмақ

  • © Sputnik / Павел Лисицын

    © Sputnik / Павел Лисицын

Шымкент қаласындағы мектептерде қаржы ашық түрде жиналады. Ол үшін білім ұяларына терминал орнатылмақ. Тың жоба қыркүйек айына дейін іске асады. Бұл туралы №80 мектептің директоры мәлімдеді. Пилоттық жоба дәл осы мектептен басталады.


Терминал арқылы қаржыландырылу — жемқорлықты жоюдың бірден-бір жолы. Осылай деген №80 мектеп директоры білім ұялары аз да болса қалталы азаматтардың көмегіне мұқтаж екендігін мойындады. Айтуынша, ұстаздардың құрал-жабдығына мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Сондықтан осындай амалға жүгінуден басқа жол жоқ көрінеді, деп хабарлады otyrar.kz.


Терминал әлі қойылып үлгермегенімен, оған қаржы салғысы келетіндер қазірден табылып жатыр. Дені бөтен емес, ата-аналар. Ешкімді мәжбүрлемейміз деген басшы түскен ақшаны мұғалімдер мұқтажына ғана емес, оқушылардың өзіне де жұмсамақ.


Биылғы оқу жылында №80 мектепке бюджеттен 2 миллион теңге қаржы бөлінген. Сәуле Қалыбекова берілген ақшаның мектептің жөндеу жұмыстарына жіберілгенін жеткізді. Бюджеттен қаржы бөлінгенімен білім ұясын баптап ұстау үшін ата-ананың көмегіне жүгінуге тура келеді.


Ал терминалға түскен қаржының есебі ресми жүргізіліп, ашық көрсетіліп отырады.


Sputnik


 




Көрілген: 656    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.05.2019, 16:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31