Жаңалықтар

Шымкентте университеттен шу шықты

  • https://kz.otyrar.kz/

    https://kz.otyrar.kz/

Шымкентте талапкерлер мен ата-аналар шу шығарды. Оңтүстік Қазастан университетіне оқуға түсу үшін құжат тапсыра алмай қиналған олар карантинге қарамастан ғимаратқа баса-көктеп кірген.

 

Айтуларынша, «Зум» бағдарламасы арқылы онлайн құжат тапсыру қиынға түскен. Жыл сайын комиссия жұмысын 25 тамызға дейін жүргізетін оқу орнына тіркеле алмай қаламыз деп қорыққан ата-аналар бұл шаруаны осылай шешуге тырысқан. Ал білім ордасы басшылығы бұл шиеленісті қалай реттейді?

 

Шымкенттегі іргелі оқу орнына түсуге құжат тапсырып үлгермей қаламыз деп алаңдаған ата-ана мен талапкердің бұл наразылығы әп-сәтте әлеуметтік желілерге тарап үлгерді. Бұл шаруаны 25 тамызға дейін тындырамыз деп шешкен талапкерлер мен ата-аналар карантин шектеулеріне қарамастан ғимарат алдына шоғырланған.

 

Ал бүгінгі жағдай осы. Халықтың жиналмауы үшін оқу ордасының басшылығы шектеу шараларын күшейте түскен. Қоршаулар қойып, тәртіп сақшыларын жұмылдырған. Қабылдау жүргізіп жатқан комиссияға кірмек түгілі тіпті сығалай да алмайсыз.

 

Маржан Молдаханова қабылдау комиссиясында техникалық хатшы болып жұмыс істейді. Ол «Зум» бағдарламасы арқылы талапкерлерден тиісті құжаттарды онлайн қабылдайды. Маман жұмыс басталғалы айналасы бір сағаттың ішінде 8 талапкердің өтініш қарап, базаға тіркеген. Ғаламтордан ақау болмаса, бұл шаруаны болашақ студент 5 минуттың ішінде тындырып тастайды дейді ол.

 

Маржан Молдаханова, техникалық хатшы: «Қазір кезекте 34 талапкер тұр. Бәрін кезекпен қабылдаймыз. Біз түнгі сағат 00:00-ге дейін соңғы өтініш берушінің құжатына дейін қабылдауға әзірміз».

 

Ал ата-аналар мен студенттердің дауын универиситет басшылығы түсінбестіктен туындаған деп отыр. Айтуларынша, жыл сайын қабылдау комиссиясы 25 тамызға дейін жұмыс істейтін. Биыл да бұл процес осы мерзімге дейін ғана созылады деп түсінген ата-аналар комиссияға кіріп барып, онлайн қабылдау жүргізетін мамандардың жұмысына кедергісін келтірді дейді. Салдарынан «Зум» қолданбасы тоқырап қалып, жүйеде артық жүктеме пайда болған.

 

Қайрат Нұрманбетов, М.Әуезов атындағы ОҚУ бірінші проректоры: «Ғимаратқа кіріп кеткен соң біздің мамандар қызмет көрсетуге мәжбүр болған. Сөйтіп онлайн қабылдау тоқтап қалған. Жүйе сыр беріп, көптеген талапкер уақыт жоғалтқан. Бүгін қабылдау комиссиясына 30 қызметкер жұмылдырып отырмыз. Олар талапкерлерден құжаттарын онлайн қабылдауда. Құжаттардың түпнұсқасы талап етілмейді».

 

Дегенмен, құжаттардың 25 тамызға дейін ғана қабылданатыны туралы хабарлама ғимараттың қарсы алдында ілулі тұр. Мұны көрген талапкер Рамазан Өтебаев өз құжаттарын күні кеше тапсырып қойыпты. Болашақ бағарламашы үшін онлайн жүйе қиынға түспепті.

 

Рамазан Өтебаев, талапкер: «5 минутта тапсырдым, түк қиын емес. Қайта осында келіп, кезек күткенше үйде құжат тапсырған ыңғайлы».

 

М. Әуезов атындағы ОҚУ комиссиясы талапкерлерден құжат қабылдауды 31 тамызға дейін жалғастырады. Осыған дейін білім ордасында оқуға 3 мыңдай түлек өтініш білдіріпті. Биылғы жылы университет басшылығы 5 мыңдай талапкерді бірінші курсқа қабылдаймыз деп отыр.

 

kz.otyrar.kz
 




Көрілген: 677    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.08.2020, 01:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31