Жаңалықтар

Шымкенттік оқушы әлемнің 8 оқу орнына шақырту алды

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Шымкент қаласындағы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Арайлым Әземхан 8 шетелдік жоғарғы оқу орнынан шақырту алды. Бұл туралы мектептің баспасөз қызметінен хабарлады.


Атап айтқанда, Англиядағы Queen Mary, Brsitol, Kingston, АҚШ-ғы New York Institute of Technology мен The New School, Италиядағы John Cabo, Аустралиядағы Monash және Франциядағы American University of Paris университеттері.


«Әрине, бұл менің отбасым үшін өте жақсы жаңалық. Мұндай жетістікке мен мектеп ұжымының арқасында қол жеткізіп отырмын. Себебі менің ұстаздарым маған дұрыс жол сілтеп, білімімді одан әрі шыңдауға зор үлестерін қосуда. Бұл ретте оларға деген алғысым шексіз. Шынымды айтсам, Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі екенімді мақтан тұтамын. Және алдағы уақытта білім ордам да менімен мақтанса екен деймін. Сол себепті болашақта еңбектеніп, Қазақстанның дамуына үлес қосуды мақсат етіп отырмын»,-дейді Арайлым.


Үздік ЖОО-нан шақырту алу үшін НЗМ түлегі арнайы тестілеуден өткен. Мәселен, SAT Reasoning-тен ол 1280 балл жинаған, ал IELTS көрсеткіші 7 ұпайды құрап отыр. Сонымен қатар, Арайлым өзге қатысушылардан ерекшелену үшін шетелдіктерге арнайы бейнематериал әзірлеген. Бейнесюжетте ол өзі және мектебі жайлы баяндаған.


Әзірге Арайлым қай ЖОО-ын таңдайтынын білмейді. Бірақ болашақ мамандығын бизнес, маркетинг және менеджментпен байланыстыруды көздеп отыр.


BAQ.KZ


 




Көрілген: 806    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.04.2019, 18:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31