Жаңалықтар

Шымкенттік оқушы шашбаудың омыртқа қисаюының алдын алатынын дәлелдеді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Шымкентте Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Әсел Мұсаева шашбауды омыртқа қисаюының алдын алу мақсатында қолдану құрылымын зерттеп, бұл табысты жұмысы үшін авторлық құқық алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жоба авторы зерттеу жұмысында қазақ сұлуларының әдемі мүсініне ықпал еткен, мезгілсіз әжімдердің пайда болуына жол бермейтін және қан айналымын жақсартатын шашбау және шолпы секілді ұлттық әшекейлерімізді негізге алған.

 

«Шашбауды пайдаланғанда қауіпсіздікті, қолжетімділікті және қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында автор артық бөлшектерді алып тастап, қазіргі жиырма бірінші ғасырға сай етіп өнімді қайта жаңартты. Нәтижесінде бұл шашбау омыртқаның мойын-жақ бөлігіндегі бұзылудың алдын алуға көмектеседі. Онымен қоса, вегето-тамыр ауруларының санын азайтуға септігін тигізеді» делінген хабарламада.

 

Ғылыми жоба жетекшісі - ұстаз Жанна Дүйсенбиева.

 

«Шашбаудың басты функциясы - шашқа сән беру немесе оның сылдыры арқылы назар аударту емес. Оны қыз баланың тік тұлғасының қалыптасуына жауапты аксессуар ретінде қарастырған жөн. Шашбау - бастың өз осінен ауытқымауына қажет құрал. Шашбау салмағының қыз баласының жас ерекшелігіне қарай ауырлап отыруының да себебі сол» дейді Жанна Алтынбекқызы.

 




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 08:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30