Жаңалықтар

СҚО-да бес мектепте 31 сынып карантинге жабылды

  • https://otvet.mail.ru/

    https://otvet.mail.ru/

Солтүстік Қазақстан облысында тұмау өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Жедел респираторлық вирустың жылдам таралуына байланысты Петропавлда Қожаберген Жырау атындағы нөмірі алтыншы орта мектепте карантин жарияланып, уақытша жабылды. 650 бала білім алатын мекемеде оқушылардың 30 проценттен астамы індетке шалдыққан. Ал сырқаттанғандардың басым бөлігін 14 жасқа толмағандар құрап отыр.

 

Сондықтан эпидемиолог мамандардың қаулысына сәйкес оқу процесі бір аптаға тоқтатылды. Жалпы эпидемиологиялық маусым басталғалы бері өңірде 200-ден астам адамның тұмауға шалдыққаны белгілі болды.

 

Айнұр Сүйіндікова, қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:

 

– Аталған білім ордасынан бөлек, қаладағы нөмірі 9, 5, 24, 26 және «БЭСТ» гимназиясынын қоса есептегенде, бес мектепте 31 сынып карантинге жабылды. Себебі бұл сыныптарда сабаққа қатыспай жүрген балалардың саны артқан. Қазіргі таңда облыс орталығында барлығы 600-ден астам оқушының ауырып жатқандығы белгілі болды.

 




Көрілген: 162    Пікірлер: 0

сенбі, 22.02.2020, 12:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30