Жаңалықтар

СҚО-да жаңа оқу жылы басталғалы 84 оқушыдан коронавирус анықталды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылы басталғалы 22 сынып карантинге жіберілді, деп хабарлайды Хабар 24 COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.

 

СҚО-да өңірдегі коронавирусқа қатысты ахуалға байланысты өңірлік коммуникациялар қызметінде кезекті брифинг өтті.

 

СҚО-ның бас санитар дәрігері Әсет Жұматаевтың айтуынша, жаңа оқу жылы басталғалы 19 мұғалім коронавируспен ауырған, оның бесеуі штаттық режимде жұмыс істеген.

 

Мектеп жасындағы балалардың 84-і жұқтырған, олардың 22-сі дәстүрлі форматта оқыған.

 

«Оқушылардың барлығы коронавирусты каникул уақытында жұқтырған. Мектепке қатысы жоқ. Қазір өңірде 22 сынып карантинге жабылды, мектептер арасында карантинге жабылғаны жоқ. Колледждерде екі топ қазір қашықтан оқуға ауыстырылды», – дейді Әсет Жұматаев.

 

Балабақша тәрбиеленушілері арасында да вирусты жұқтырғандар бар. Осындай 4 жағдай анықталып отыр.

 

Өткен екі аптамен салыстырғанда бүлдіршіндер арасында ауру 8 жағдайға төмендеген.

 

СҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Құмар Күсемісовтың айтуынша, қазір өңірде қауіпті инфекция жұқтырған 165 бала ауырып жатыр. Оның 25-і стационарға жатқызылған, бір баланың халі нашар.

 

 

 




Көрілген: 409    Пікірлер: 0

жұма, 10.09.2021, 16:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31