Жаңалықтар

СҚО-да мектеп ғимараты опырылып түсті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп ғимаратына жапсарлас салынған нысан қирады. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«24 сәуір күні түнгі сағат 01-30 шамасында Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының Тайынша кентіндегі №1 орта мектеп ғимаратына жапсарлас салынған апат кезінде сыртқа шығуға арналған аумағы 50 шаршы метр нысан опырылып түсті. Алдын ала мәліметтерге сәйкес ғимараттың тегіс орнықпауы салдарынан пайда болған тік жарықшақ нысанның қирауына түрткі болған», - деді ол.


Ресми өкілдің айтуынша, абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.


«Мектептің коммуникациялық жүйесі бүлінген жоқ. Білім ордасында сабақ уақытша тоқтатылды», - деді Н.Нұрахмет.


 




Көрілген: 299    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.04.2019, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31