Жаңалықтар

СҚО-да мұғалімдерге бірқатар жеңілдік жасалып жатыр

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіподақ орталығы мен білім басқармасы 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісімге келіп, нәтижесінде ұстаздар қауымына бірқатар жеңілдік жасалатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жаңа оқу жылы қарсаңында СҚО кәсіподақ орталығы білім беру саласына қатысты атқарылған жұмысқа есеп берді. Өңір бойынша білім саласында ғана 555 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар, оған 26 мыңнан астам адам мүше.

 

«Білім беру саласында кәсіподақ мүшелері көп, осыған байланысты 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісімге біз көптеген өзгерістер енгіздік. Оның ішінде пандемия жағдайын да ескердік. Жұмыс белгілі себептермен тоқтап қалған жағдайда, ол жұмыс берушінің де жұмысшының да кінәсі емес, біз орташа мөлшердегі еңбекақыны сақтап қалатын келісімге келдік. Бұл келісімге енгізілген тағы бір шарт – осы салада еңбек ететін медицина қызметкерлерінің, бухгалтерлердің, үйлестіру бөлімдері жұмысшыларының, кітапханашылардың еңбек демалысын үш күнге ұзарту. Бұрын қызметкерлер біліктілігін арттыруға өз қаражатын жұмсайтын. Бұл мәселені екі жыл қатарынан көтеріп, енді ол шешімін тапты. Ауылдық жерлерде коммуналдық мәселелерді шешу қарастырылып жатыр. Мұнда да оң өзгерістер бар», - дейді СҚО кәсіподақ орталығының директоры Ерік Нұрақаев.

 

Сондай-ақ жылдағы медициналық тексерістен өту үшін білім беру саласының қызметкерлері енді қалталарынан қаражат шығармайды, олар үшін жұмыс беруші төлейді. Бюджеттен 100 % қаражат бөлінеді.

 

«2019 жылы тек 5 ауданда медициналық байқау ақысы жұмыс берушінің есебінен төленді. Осыған байланысты мұғалімдерден медициналық байқауды тегін қылуға қатысты өтініштер түсті. Кәсіподақтар екі жыл бойы осы сұрақ бойынша мониторинг жүргізді. Білім және денсаулық сақтау басқармаларына сұраныс түсірді. «Бюджеттік ұйымдарға бекітілген қызметкерлер тобын жұмыс берушінің есебінен жыл сайын ақысыз медициналық байқаудан және гигиеналық оқудан өткізу» туралы мәселені талқылауға бастама жасады. Нәтижесінде 21 маусым күні әлеуметтік серіктестік бойынша облыстық үшжақты комиссия бюджет саласындағы барлық басқармаларға - денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері, дене тәрбиесі және спорт басқармаларына міндетті медициналық байқау ақысын жұмыс берушінің есебінен төлеуді қамтамасыз ету туралы ұсыныс жасады», - дейді Ерік Нұрақаев.

 

СҚО-да кәсіподақтың демалыс нысандары жоқ. Бұл мәселені шешу үшін тиісті шаралар қолға алынып жатыр.

 

Өңір мұғалімдері мен олардың отбасы мүшелері Қазақстанның санаторлық-курорттық демалыс орындарында сауыға алады.

 

Жыл басынан кәсіподаққа мүше 830 педагог демалуға мүмкіндік алды. Жыл соңына дейін шамамен 25,5 млн теңгеге тағы 1300 ұстаз демалып қайтпақ.

 

 

 




Көрілген: 301    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.08.2021, 17:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31