Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы қамауға алынды

28 желтоқсан 2022, 17:44

Солтүстік Қазақстан облысында білім басқармасының басшысы Сара Рамазанова қамауға алынды. Ол сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Солтүстік Қазақстан облысындағы, Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Рамазанова С.М.-ға пара алу фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізуде.

 

Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен Сара Рамазанова қамауға алынды, деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiндегі 201 бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.