Жаңалықтар

"Сот шешеді": Асхат Аймағамбетов өзіне тағылған айыпқа қатысты жауап берді

  • Фото: Хабар 24

    Фото: Хабар 24

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов БҒМ-ға қарасты департаменттің бұрынғы жетекшісі Анар Қайырбекованың өзіне тағып отырған айыптауларына қатысты жауап берді. Шенеунік министрлік басшысын диссертациясын ауыстырып тастағаны үшін кінәләуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Анар Қайырбекованың мәлімдеуінше, Аймағамбетов 2009 жылы қорғап шыққан докторлық диссертациясына он жылдан кейін өзгертулер енгізілген.

 

"Бұл мәселені сот шешеді. Әрине, дәл қазір сіздердің барынша көбірек ақпарат алуды қалап тұрғандарыңызды түсініп тұрмын. Алайда, меніңше мұндай сұрақтарға жауап берудің өзі ақылға қонымсыз. Сот бұл мәселеде нүктесін қойып, тиісті шешім қабылданады. Бізде жұмыс бастан асады. Жаңа оқу жылына қарқынды түрде дайындалып жатырмыз. Біз әлі талай мәселені шешуіміз керек. Сол себепті, менің бар назарым әзірге сонда" , - деді ол.

 

Айта кетейік, бұған дейін Анар Қайырбекова вице-министр Фатима Жақыпованың диссертациялық жұмысының жартысынан көбі бөтен ғылыми еңбектерден алынғанын мәлімдеген болатын. Оған қоса, Анар Қайырбекова білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мен жауапты хатшы Арын Орсариевтың үстінен Жемқорлыққа қарсы қызметке арыз түсірген еді. Ол министрлік өкілдерін қызмет көрсету туралы келісімге қол қою кезінде қысым жасады деп айыптады.

 




Көрілген: 2151    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.07.2020, 14:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30