STEM Academia Қазақстандағы үздік мұғалімдерге байқау жариялады

23 желтоқсан 2022, 16:47

Осы күнде мұғалімдерге қойылған міндеттер көбейее түсті. Олар балаға білім беріп қана қоймай, жалықтырып алмауды ойлайды. Себебі,оқытылатын бір бағдарлама. Сондықтан заман ағымына сай мұғалім алғыр әрі озық болуы керек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты STEM Academiaсы ел ішінде білгір әрі білікті ғана емес, жаңа технологияларды меңгерген ұстаздарды іздеп жатыр. Тіпті, үздік мұғалімді анықтау үшін байқау ұйымдастырылуда.  Оған 5 желтоқсаны мен 25 желтоқсаны аралығында еліміздегі физика, химия және биология мұғалімдері қатыса алады.

 

Байқаудың тақырыбы - «Оқытуда интерактивті технологияларды практикалық қолдану». Ал жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар ұсынылмақ:

 

Бірінші орынға - Apple MacBook;

 

Екінші орынға - Iphone,

 

Үшінші орынға - планшет,

 

Сонымен қатар көрермен көзайымына айналған қатысушыларға смарт сағат сыйланады.

 

Жеңімпаздарды негізі тәуелсіз комиссия анықтайды. Іріктеудің критерийлері: шығармашылық, мазмұны, презентация сапасы, көрсетілген шарттарға сәйкестігі.

 

Байқау басталған күннен бастап жеті (7) күн жалғасады. Осы кезеңде интерактивті бағдарламалар мен оқытудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып және барлық сынып оқушылары қатысуымен толыққанды бейне сабақты түсіріп, жоғарыда көрсетілген поштаға жіберу қажет.

 

Байқауға қатысу үшін сізге:

 

Instagram әлеуметтік желісінде біздің ресми парақшаға жазылу керек: @stem_academia ;

 

Байқау туралы жарияламаны stories-ке салып, репост жасаңыз және ұйымдастырушылардың парақшасын белгілеңіз (@stem_academia);

 

Мектеп мұғалімі ретінде мекемеде ресми жұмыс жасау керексіз.

 

ЕСКЕРТПЕ: Байқау шарттарына сәйкес, өтінімдер мен бейнематериалдар қатысушының деректерін (аты-жөні, байланыс телефоны, оқу пәні, оқу орнының атауы) толық көрсете отырып, тек қана белгіленген мерзімдерде қабылданады.

 

Қосымша ақпарат конкурстың telegram-каналында: ( https://t.me/stem_academia );

 

Видео-сабаққа қойылатын талаптар:

 

Бейне сабақты өткізу кезінде міндетті түрде интерактивті бағдарламаны пайдалану керек (интерактивті бағдарлама сіздердің таңдауыңыз бойынша);

 

Бейнесабақ қолайлы дыбыс/жарық сапасымен жазылуы керек;

 

Қатысушы сабақтың тақырыбын/бөлімін өзі таңдайды, тақырып МЖБС (ГОСО) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек, сонымен қатар толық ашылады;

 

Бейнесабақ қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілуі мүмкін;

 

Бейнероликтің ұзақтығы кемінде он (10) минут және он бес (15) минуттан аспауы керек;

 

Бейнесабақты жазу аудиторияда немесе онлайн режимінде (мысалы: ZOOM конференциясы) және студенттердің қатысуы міндетті;

 

Бейнені оңай түрде өңдеуге (дыбысты теңестіру, кадрды реттеу және т.б.) рұқсат етіледі;

 

Қатысушы туралы ақпарат жазылған бейнероликті мына электрондық пошта арқылы жіберу керек (ceo@stem-academia.com). Сонымен қатар, өзіңіздің Youtube арнаңызға жүктеп, сілтемесін жоғарыда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз.

 

+7 (700) 088 – 01 – 36 | +7 (700) 088 – 01 – 37

ceo@stem-academia.com