Жаңалықтар

Студенттер ЖИТС құрбандарын еске алды

  • ©go.mail.ru

    ©go.mail.ru

Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде бүкіләлемдік ЖИТС (СПИД) құрбандарын еске алу күні атап өтілетіні белгілі. ЖИТС-тен қаза болғандарды еске алу күнін өткізудің мақсаты – әлемді қоғамның АИТВ/ЖИТС-ң таралу мәселелеріне көңіл бөлуі, АИТВ-жұқтырғандарды әлеуметтік қорғау, ауруды емдеу және алдын алу. Айтулы датаға орай бүгін қаламыздағы Менеджмент және бизнес колледжнде ЖИТС орталығы мамандары, қаладағы бірнеше колледждердің студенттері және оқу орнының қызметкерлерінің қатысуымен «Тілектестік белгісі» тақырыбы аясында акция өткізілді, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог-дәрігері Д.Бексұлтанова айтқанындай, адамның иммун тапшылығының вирусы (АИТВ) бүгінгі күні тек қана медицина қызметкерлерін ғана емес, бүкіл қоғамды алаңдатып отырған мәселе. «Әсіресе өздеріңіз сияқты қыршын жастардың осы аурудың қақпанына ілігуі бізге үрей туғызып отыр. Сол себептіде біз сіздермен жиі жүздесіп, аурудың алдын алу мақсатында осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырамыз» – деді Дана Тайғошқарқызы. Мамандардың берген мәліметіне сүйенсек мәселен, қаламызда былтырғы жылдың төрт айында аталмыш індеттің инфекциясына 10 адам шалдықса, биыл 17адам осы дерттің тұзағына түскен. Қаламызда үдемелі өсіммен алғанда бүгінге дейін 903адамда АИТВ анықталып отыр. Соның 41 пайызы - 15-49 жас аралығындағылар болса, 35 пайызы - 20-39 жастағылар.Мамандарымызды алаңдатып отырған тағы бір мәселе қатерлі дерттің жыныстық қатынас арқылы кең таралуы. Осы орайда аталмыш аурудың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізіп, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың аса қажеттігі жайында орталық педагогы Нұрмағанбетова А.Т кеңінен тоқталып өтті. Маманның баяндамасы викториналық сұрақ-жауаптармен жалғасты. Колледждердің студент жастары өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, мамандардан сұрақтарына толыққанды жауап алды. Шара барысында барлық қатысушылар арасында түрлі ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар үйлестірілді. «Біз, жастар «СПИДке қарсымыз!»деген тақырыпта өлең жолдарын жазып үлгерген студенттер, ғасыр дертіне деген өз ойларын өлең шумақтарымен білдіріп жатты. ақпараттық материалдарды тарататын болады. Сондай-ақ аталмыш мекемелерде жастарға аурудан сақтану жолдары туралы қысқаша жазылған ақпаратттық парақшалар таратылды. Мамандар қазіргідей айлық қарсаңында кез келген азамат нәтижесі 15 минуттың ішінде белгілі болатын қандағы АИТВ-инфекциясын анықтау бойынша экспресс-тестіден өту мүмкіндігіне ие бола алатыны жәнеқалалық ЖИТС Орталығында АИТВ-ға тексерілу қазақстан азаматтары үшін әр уақытта тегін екендігін де айтылды. Ғасыр індетіне айналған дертпен күресу үшін әлі де алда талай майдан бар.

Э.Еркінбекова


 


 




Көрілген: 1680    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2015, 14:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31