Жаңалықтар

Студенттерді үштік баға үшін шәкіртақыдан айырмау ұсынылды

  • Студенттерді үштік баға үшін шәкіртақыдан айырмау ұсынылды

    Студенттерді үштік баға үшін шәкіртақыдан айырмау ұсынылды

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев студенттерді үштік баға үшін шәкіртақыдан айырмау туралы ұсынысты қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БҒМ алқасында студенттерге шәкіртақыны оқу үлгеріміне байланыстырмай төлеу ұсынылған. "Көпшілік мұғалімнің студенттерге "қанағаттанарлық" және "қанағаттанарлық емес" деген баға қоюға құлықсыз екенін түсінеміз, себебі мемлекеттік білім гранты арқылы оқып жатқан студенттер мұндай жағдайда шәкіртақысынан айырылады. Шәкіртақы студенттерді әлеуметтік қолдау құралы болғандықтан, студенттерге шәкіртақыны "өте жақсы" мен "жақсы" болғанда ғана емес, "қанағаттанарлық" деген баға қойылса да беріп отыру керек деген ұсынысты қолдаймыз", - деді КАЗГЮУ Университеті ректоры Талғат Нәрікбаев. "Үздіктер мен жақсы оқитындардың арасындағы жағдайды біз де бақылап отырмыз. Бұл идея ақылға қонымды деп есептейміз, бұл жемқорлықты азайтса, студенттеріміздің білімін бағалауды дұрыстаса талқылайық", - деді министр Сағадиев. Алайда, оның айтуынша, бірінші кезекте қазіргі уақытта шәкіртақының қалай төленіп жүргенін тексеру керек.

 




Көрілген: 673    Пікірлер: 0

жұма, 15.02.2019, 14:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31