Студенттерге ерекше практика: 100 мың теңге айлық төленеді

Студенттерге ерекше практика: 100 мың теңге айлық төленеді

Шығыс Қазақстанның жол саласында мамандар тапшы. Атап айтсақ, құрылыс инженерлері, инженер-сметашы, зертханашылар, асфальт-бетон төсеушілер, білікті механизаторлар керек. Сонымен қатар геодезия, картограф мамандар, метеорологтар, механиктер, жол шеберлері жетіспейді.

 

Алайда мектеп және университет бітіріп жатқан түлектердің аталмыш салаға баруға құлшынысы да, қызығушылығы да төмен. Одан бөлек бұл мамандыққа бөлінетін гранттар саны да жыл сайын қысқарып келеді.

 

Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрлігінің статистикасы бойынша республикада 3000 мыңға тарта, оның ішінде Шығыс Қазақстанда 1000-ға жуық білікті жол мамандары жетіспейді екен. Ал облыста жол мамандарын дайындайтын жалғыз жоғары оқу орын &ndash Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да небары 66 студент қана білім алып жатыр.

 

Осындай олқылықтың орнын жойып, болашақ мамандардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мамандары Өскемендегі Д. Серікбаев атындағы техникалық университетінің болашақ жол мамандарын нағыз тәжірибе алаңында жинап, біліктіліктерімен бөлісті.

 

 

Студенттер әуелі орталықтың зерханасында болып, асфаль-бетон, қиыршық тастарды сынауға арналған құрал жабдықтармен танысып, сынап көрсе, одан кейін өңірдегі алпауыт жол құрылысы кәсіпорыны - «Ремдор» ЖШС-нде болып қайтты.

 

- Студенттерге зертханамен таныстырып, экскурсия жүргізіп жүрміз. Мақсат &ndash теория мен практиканы байланыстыру. Студенттеріміз жол саласы не екенін, немен байланысты екенін өз көздерімен көріп, қызуғышылықтары одан сайын арт түсті деп ойлаймыз. Одан бөлек, мектеп оқушылармен де осындай жұмыстар ұдайы жүргізіп тұрамыз. Біздің мекемеде жыл сайын жаз мезгілінде студенттер ақылы өндірістік тәжірибеден өтеді. Айлықтары 100 мың теңге. - дейді  «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» Шығыс Қазақстан облыстық филиалының инженері Саяхат Оралханұлы.

 

 

Орталықтағы қызметкерлердің айтуынша, жол саласындағы мамандардың жалақысы жоғары әрі әрдайым сұранысқа ие. Өйткені өңірде жыл сайын мыңдаған шақырым автомобиль жолдары салынады немесе жөнделеді. Алайда кәсіпорындар сырттан мамандар шақыртып алуға мәжбүр болып отыр.

 

Бұл ретте айтып өтетін тағы бір жайт бар. Жол саласында жылдар бойы жүрген кәсіпорындардың да маман тартуда қызығушылықтары төмен. Себебі облыс көлемінде тек «ДСУ-14» ЖШС ғана университетпен меморандумға отырған.

 

- «ДСУ-14» ЖШС-мен үш жақты меморандум жасалып, тек бір бала ғана тегін білім алып жатыр. Ол студент бітіргеннен кейін, қайда барып жұмыс істеймін немесе қайдан өндірістік тәжірибеден өтемін демейді. Сол кәсіпорынға барып, еңбегін жалғастырады, - дейді Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың Жол құрылысы және жол құрылысын жобалау мамандығының оқытушысы, техникалық ғылымның магистрі Анар Ақылбайқызы.

 

 

 

 

 

altaynews.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста