Жаңалықтар

Студенттерге оқу ақысын төлеу үшін жеңілдетілген кредит берілуі мүмкін

  • Студенттерге оқу ақысын төлеу үшін жеңілдетілген кредит берілуі мүмкін

    Студенттерге оқу ақысын төлеу үшін жеңілдетілген кредит берілуі мүмкін

Тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан осал азаматтар мен жастар үшін грант санын ұлғайту мәселесі қарастырылады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім ақысын төлеу үшін жеңілдетілген кредит беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент мемлекеттік білім гранттарын бөлу кезінде тек абитуриенттің академиялық жетістігіне ғана емес, оның әлеуметтік экономикалық мәртебесіне де назар аудару қажет деп санайды.

"Тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан осал азаматтар мен жастар үшін грант санын ұлғайту мәселесін қарастыру қажет. Жоғары білім ақысын төлеу үшін жеңілдетілген несие беру қолдаудың тағы бір жолы болар еді. Үкіметке, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерінен осы мәселеге қатысты ұсыныстарын енгізуді сұраймын", - деді Тоқаев ұлттық кеңестің отырысында.
Сонымен қатар, президент білім гранттарының орташа құны 340-420 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін өсетінін мәлімдеді.

"Яғни, грант құны үш есе артады. Сол арқылы оқытушылардың жалақысын кезең-кезеңмен арттырып, университеттердің материалдық базасын нығайтуға болады. Бұл маңызды қадам", - деді ол.

Айтуынша, грант құны елімізде 2011 жылдан бері өспеген. 




Көрілген: 290    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 07:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30