Жаңалықтар

Табиғатынан ұяң қазақ баласын қалай алғыр оқушыға айналдыру керек?

  • Табиғатынан ұяң қазақ баласын қалай алғыр оқушыға айналдыру керек?

    Табиғатынан ұяң қазақ баласын қалай алғыр оқушыға айналдыру керек?

 Ұстаз - ұлы тұлға. Ал ұстаздық мансап жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Бүгінде бүкіл өмірін мұғалімдік қызметке, мектепке және балаларға арнаған ұстаздар жетерлік. Осы мұғалімдерді бүкіл елге таныту мақсатында Tengrinews.kz редакциясы "Қазақстанның ұлағатты ұстаздары" жобасын қолға алды. Бұл жолы өмірін білім беру саласына арнаған ұстаз Жанаргүл Дәрібаева жайлы материал ұсынамыз.


Жанаргүл Алпысбайқызының білім беру саласында қызмет еткеніне 20 жылдай уақыт болған. Алматы қаласындағы №173 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ береді. "Біздің лицейдің бағыты - жаратылыстану бағыты. Яғни физика, математика пәндері тереңдетіліп оқылады. Соның нәтижесінде оқушыларымыз да біраз жетістікке жеткен", - дейді Жанаргүл Алпысбайқызы. Ұстаздыққа Жанаргүл Дәрібаева бала күнінен армандағандықтан келген. "Мектеп кезінде оқып жүргеннен бері ұстаз болуды армандағанмын. Сол кездегі бастауыш сынып мұғалімім Зейнеп Әсемжанова апайымызға қарап, үлгі алдым. Зейнеп апайдың мейірімі мен қамқорлығын көріп өскенбіз. Сол үшін де ұстазыма балалық риза көңіліммен қарайтынмын. Ұстаз сабақ оқытып қана қоймай, сол балаларға мейіріміңді төгіп, жылы қабақ танытып, бала жүрегіне жол салу арқылы білім беру керек. Баланың көңілін тауып, оқуға деген құштарлығын ояту керек. Барлық ұстаз сондай болуы керек деп ойладым. Сондықтан да ұстаз болғым келді", - дейді Жанаргүл Дәрібаева. 



Жанаргүл Алпысбайқызының білім саласында еңбегі еленіп, біраз марапатқа ие болған. "Еткен еңбек, төккен тер ешқашан елеусіз қалмайды. Білім саласындағы басшылыққа алғысым шексіз. Себебі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында "Тәуелсіз елдің мәртебелі мұғалімі" сондай-ақ "Ұлағатты ұстаз" төсбелгісімен марапаттады", - дейді Жанаргүл Дәрібаева. Сонымен қатар, Жанаргүл Алпысбайқызы биылғы Тамыз конференциясында еліміздің рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары үшін Білім және ғылым министрлігінің "Құрмет грамотасымен" марапатталған. Ұстаз қазіргі білім саласы туралы ойын бөлісті. "Қазіргі таңдағы білім саласына менің көзқарасым жақсы. Себебі елімізде білім саласында көптеген жаңалық пен өзгеріс еніп жатыр. Мысалы, 5-сынып пен 10-сынып оқушылары жаңа бағдарламамен білім алып жатыр. Мұның артықшылығы - мұғалімдер арнайы курстан өтеді. Содан өттік, дайындалдық. Жаңа бағдарламаның маған ұнаған ерекшелігі - сабақтың біраз бөлігінде оқушылар сөйлесе, ұстаз бағыт-бағдар беруші тұлға ретінде қалады. Себебі, біздің қазақ балаларын білесіз ғой, кішкене ұяңдау келеді. Ал жаңа бағдарламаның арқасында оқушылар ойын ашық жеткізіп, өзі ізденіп, еркін байланыс жасауға мүмкіндік алады", - дейді мұғалім.



Жанаргүл Алпысбайқызының айтуынша, мектеп қабырғасынан біраз талантты балалар шыққан. Солардың бірі - шахматшы Жансая Әбдімәлік №173 лицейінің түлегі екен. "Өздеріңіз білетін шахматшы қызымыз Жансая біздің лицейді тәмамдаған. Бірақ ол әдебиет, өнер саласы емес, сол математика бағыты бойынша кетті", - дейді ұстаз. Жанаргүл Алпысбайқызы сабақтан тыс уақытында өлең жазумен айналысады екен. "Арнайы өлеңдер жинағын әлі жазған жоқпын. Бірақ бос уақытымда өлең шумақтарын жазамын. Туған жерім Базар өзен бауырында Қимастықпен көп қараймын ауылыма Жат жұрттыққа жаратылған қыз болған соң, Сағынышпен келемін бауырыма, - деп туған жеріме өлең шумағын арнаған болатынмын", - дейді Жанаргүл Алпысбайқызы. Сондай-ақ, ұстаз мектеп оқушыларының деңгейі туралы ойын бөлісті. "Қазіргі оқушылардың білім деңгейі жақсы. Себебі, қазір оқушыларға көптеген мүмкіндік жасалған. Техникалық жағынан болсын, ақпараттық құралдар жағынан болсын. Өздігінен де білім ала алады. Себебі, қазіргі оқушыларда ізденіс көп", - дейді мұғалім. Жанаргүл Алпысбайқызының айтуынша, оқушыға білім берерден бұрын жақсы үлгі көрсетіп, дұрыс тәрбиелеу керек. "Мұғалімнің өзі үлгі тұтатындай адам болуы керек. Қазіргі оқушы болсын, үйдегі балаңыз болсын айтқан нәрсені оңайлықпен істей қоймайды. Себебі, олар ауызбен айтқан нәрседен гөрі, көзбен көрген нәрсесін жақсы қабылдайды", - дейді Жанаргүл Дәрібаева.  


"Қазақстанның ұлағаты ұстаздары" жобасы ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірлесіп "Батырлар арамызда", "Жеңімпаздар", "Қазақстанның дарынды балалары" арнайы жобалары қолға алынған.



Tengrinews.kz

 




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.08.2019, 22:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30