Жаңалықтар

Тағы да он университеттің есігіне қара құлып салынуы мүмкін

  • Тағы да он университеттің есігіне қара құлып салынуы мүмкін

    Тағы да он университеттің есігіне қара құлып салынуы мүмкін

Білім және ғылым вице-министрі орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте Қазақстандағы тағы бірнеше университетті жабу жоспарын жария етті, деп хабарлады paryz.kz.

Еске сала кетсек, таяуда ғана Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда тағы 10 жоғары оқу орны жабылатынын мәлімдеген еді. Осыған байланысты, журналистер ведомство басшысының орынбасарынан олардың қай университеттер екенін сұрады.

"Қазіргі уақытта бізбен соттасып жатқан университеттер бар. Оларды жарнамаламау үшін аттарын атамаймын. Себебі студенттер осы университеттерде әлі оқиды. Бірақ көпшілігі жағдайды білгендіктен, басқа оқу орындарына ауысуда", - деді Мирас Дәуленов.

Министр орынбасарының сөзінше, бұл университеттер Білім және ғылым министрлігінің әрекеттеріне кедергі келтірген.

"Жай ғана бізді университетті тексеру үшін ғимаратқа кіргізбеді. Егер бұл мықты университет болса және сапалы білім берсе, онда не үшін қорқуы керек? Кейбір университеттер министрліктің кез келген әрекетіне шағымданады және осылайша процедураны кешіктіреді", - деп сөзін жалғастырды Дәуленов.

Ол Білім және ғылым министрлігі тексеретін көптеген университет тәуекелдерді бағалау жүйесінде екенін, оны университеттер өздері толтыратынын атап өтті. Оған қоса, университет лицензиясынан қандай жағдайда айырылмайтынын түсіндірді.

"Біз үшін ең бастысы &ndash материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, белгілі бір мамандық студенттеріне сабақ беретін оқытушылар құрамының болуы, студенттердің оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуы. Мықты жоғары оқу орындарын ешкім жаппайды. Бұл университеттер түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызымен ерекшеленеді. Бұл университеттерді жұмыс берушілер сертификаттайды және жұмыс беруші мұнда оқуған студенттерді оқу бітіргеннен кейінгі бірінші айда жұмысқа алады", - деді вице-министр.

paryz.kz.




Көрілген: 1178    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 21:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30