Жаңалықтар

Талдықорғандық оқушы Гарвард университетінде грант ұтып алды

  • Талдықорғандық оқушы Гарвард университетінде грант ұтып алды

    Талдықорғандық оқушы Гарвард университетінде грант ұтып алды

Талдықорғандық оқушы Гарвард университетінде білім грантының иегері болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Сезім Ертанатов заманауи компьютерлік технологияларды әлемге әйгілі беделді университетте оқығысы келеді.
Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы бірнеше жылдан бері бағдарламалауды жақсы көреді және әртүрлі веб-сайттар жасайды. Грант алу үшін Сезім барлық емтихандарды сәтті тапсырып, өзі туралы эссе жазды. Әлемнің түкпір-түкпірінен 55 мың адам беделді университетте оқуға өтініш білдірді.

Қатал таңдау мен бәсекелестіктің нәтижесінде қазақстандық оқушы 1500 жеңімпаздың қатарына енді.

"Болашақта мақсатым - Гарвард университетін ойдағыдай аяқтау. Ең жақсы, ең құнды тәжірибені алу. Мүмкіндігінше магистратураға түсуді жоспарлап отырмын. Әрине, Қазақстанға ораламын", - деді Талдықорған қаласындағы НЗМ-нің 12-сынып оқушысы Сезім Ертанатов.

Хабар 24




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

жексенбі, 18.04.2021, 18:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30