Жаңалықтар

Талдықорғандық оқушы үш бірдей үздік университеттен шақырту алды

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Роман Цой - Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы. Ол мектепте белсенді, сабақты өте үздік оқитын алғыр жас. Жақында Роман Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Университеті мен шетелдің тағы қос университетінің оқу грантын жеңіп алды.

 

Яғни, Роман Цойдың білім көрсеткіші 3 үздік оқу орынының да талабынан шығып, оқу грантын беруге шешім қабылдапты. Осылай ша талдықорғандық үміткерге еліміздегі Назарбаев Университеті, Америкадағы Дрексель университеті және Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және технология университетінің есігі айқара ашылған екен. Ал Роман болашақта мұнай, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі саласындағы халықаралық компанияларда жұмыс істеп, тәжірибе жинауды жоспарлап қойыпты. Сол себептен Оңтүстік Кореядағы оқу орынын таңдады. Әрі бұл білім ордасы оқушыны 100 пайыз грантпен қамтитын болыпты.

 

Айтпақшы, Ульсандағы Корея ұлттық ғылым және технология университеті, яғни UNIST Азияның үздік жоғарғы оқу орындарының тізіміне кіреді. Мұнда Роман таңдаған мұнай, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі саласына қатысты мамандық бойынша білім беру ісі озық екен.

 

egemen.kz




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.04.2020, 11:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31