Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тамыздағы ҰБТ-ға тіркелу 25 шілдеде басталады

23 шілде 2022, 10:50

Тамыз айындағы ҰБТ-ға тіркелу app.testcenter.kz сайтында 25-30 шілде аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Бұл ҰБТ-ға келесі тұлғалар қатыса алады:

  • қалауы бойынша жоо-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;
  • жоо-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
  • жоо-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;
  • жоо-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
  • жоо-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;
  • жоо-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

Тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге. ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақытты таңдауға болады.

Негізгі ҰБТ-ға қатысқан тест тапсырушылар тамыз айындағы ҰБТ-да басқа бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады.