Жаңалықтар

"Таңғы асқа нан мен шай береді": Ақтөбеде балабақшадан шу шықты

  • фото: NUR.KZ

    фото: NUR.KZ

Ақтөбеде мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасап отырған балабақшалардың бірінен шу шықты. "Таңғы асқа тек нан мен қара шай береді" деп наразылық танытқан ата-аналар әлеуметтік желіге балабақшадағы таңғы астың суретін салып жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Шу шыққан балабақшаға қатысты білім бөлімі тексеріс жүргізуде.


Арызданушы тәрбиешілердің баласына қол көтергенін де айтып отыр.


"Екі ұлым да осы балабақшаға келетін еді. Енді балаларымды бұл балабақшада қалдырмаймын. Өткен аптадан бастап келіп жүрген жоқапыз. Маған қазір "бізге жала жаптың" деп балабарымның құжатын бермей отыр. Үлкен ұлым інісі ұйқыдан тұрғанда апайдың оның жамбасынан ұрғанын айтып келді. Қай апайдың ұрғанын білмеймін. Мен оған қатысты шу жасаған жоқпын. Балаларға тамақтың дұрыс берілмеуіне қатысты ренішімді білдірдім. Балабақшадағы төлемге қатысты менде аздаған қарыздар болды. Мен бұл туралы ескерттім, кейін ол қарыздар өтелді", - деді ата-ана Алина Обайдуллина.


Сондай-ақ, асханада аспаздар қараңғы бөлмеде балаларға тамақ дайындап жүргені айтылды.


Мектепке дейінгі ұйымның басшылығының сөзінше, ата-ана өздеріне жала жауып жатырған көрінеді.


Балабақша құрылтайшысы шу шыққан топты жабатынын айтты.


"Бір ата-ана екінші таңғы ас кезінде балалардың тамақтанып жатқанын суретке түсіріп алған. Суретті әлеуметтік желіге салып, білім бөліміне шағым түсірген. Осыған байланысты біз ескерту алдық. Себебі шоколад қосылған май балаларға болмайды екен. Балаларды күнде 5 рет тамақтандырамыз. Шағымданған ата-ананың құжаттары беріледі. Қазір балабақша меңгерушісі денсаулығына байланысты демалыста. Компьютерлік бағдарламадан мен құжатын шығарып бере алмаймын. Ата-ана құжатын алатын болады. Тамаққа қатысты бізге жала жауып тұр деп ойлаймын",- деді балабақша құрылтайшысы Толқын Шектібаева.


Ата-ана шағымына байланысты балабақшаға бүгін білім бөлімінен тексеріс келді.


"19 наурыз күні қалалық білім бөліміне қарасты мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасап жатқан "Мадок" балабақшасына қатысты шағым түсті. Шағым негізінде комиссия құрып, балабақшаға келіп отырмыз. Ата-ана тарапынан ас мәзірі мен оқу процесіне шағым түсірген. Шағым бойынша барлық сұрақтар зерттеледі. Кемшіліктер анықталған жағдайда уақыт беріледі. Белгіленген уақыт бойынша тапсырма орындалмаса, қалалық білім бөлімімен келісім шарт бұзуға тура келеді",- деді қалалық білім бөлімінің бас маманы Гүлжан Әмірова.


 




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 22:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31