Жаңалықтар

Таразда екі мыңнан астам мұғалім тиісті жалақысынан қағылып келген

  • Таразда екі мыңнан астам мұғалім тиісті жалақысынан қағылып келген

    Таразда екі мыңнан астам мұғалім тиісті жалақысынан қағылып келген

Жамбыл облысында мүгедек балаларды үйінде оқытатын екі мыңнан астам мұғалім жалақысынан қағылып келген. Өңірдегі білім саласына жауапты мамандар екі жыл ішінде жалпы соммасы 70 миллион теңгеге жуық қаржыны тиісті мақсатта үлестірмегені анықталды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұл бассыздықты аймақтағы білім беру мекемелеріне тексеріс жүргізген прокуратура әшкерлеген.


Жергілікті оқу орындарында тексеріс жүргізу барысында прокуратура заң бұзушылықтарды анықтаған.


Құзырлы орынның мәліметінше, 2016-2018 жылдар аралығында екі мыңнан астам мұғалімнің еңбек құқығы бұзылған.


Прокуратура ұстаздар мүмкіндігі шектеулі оқушыларды тегін оқытып келгенін алға тартты.


Олардың сөзінше, заңға сәйкес, жарымжан балалардың үйіне барып білім берген әрбір қызметкерге жалақыдан бөлек қосымша ақша берілу керек екен.


Құзырлы орган берілуі қажетті ақша үлестірілмегенін жеткізді.


"Мұғалімдерге көрсетілген еңбек жағдайы үшін жалақы көлемімен алғанда, 40 пайыз қосымша төлемдер берілу тиіс еді. Алайда бұл екі жылдан бері істелмеген.

Ықпал ету шараларымен заң бұзушылықтар жойылып, білім беру жүйесінің 8 лауазымды тұлғасы түрлі тәртіптік жауапкершілкке тартылды", - Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Қайсар Бекмұратов.

Айта кетейік, прокуратураның араласуынан кейін мұғалімдердің қағылып келген жалақылары қайтарылған.


 




Көрілген: 985    Пікірлер: 0

жұма, 19.04.2019, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31