Жаңалықтар

Тараздағы №43 мектептің мұғалімдері директордың ақша жинатқызатынын айтты (ВИДЕО)

  • https://kursdela.biz/

    https://kursdela.biz/

Тараздағы №43 мектептің мұғалімдері директордың жиі ақша жинайтынын айтып, оның жұмыстан кетуін талап етті, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Олардың айтуынша, директор жаңа оқу жылы басталғаннан аяқталғанға дейін түрлі себептермен ақша талап ететін көрінеді. Ақша ұстаздардан да, оқушылардан да жиналады дейді ашынған ұстаздар. Мұны ата-аналар да растап отыр.

 

«Айтқанға көнбеген мұғалімнің соңына шам алып түседі, мейлі ол жас болсын, мейлі 30 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз болсын. Қайда барсаңдар барыңдар, маған ешкім ешнәрсе істей алмайды дейді. Мектептің жөндеу жұмыстарына деп жыл сайын әр баладан ақша жинатқызады», - дейді шу шығарған педагогтар.

 

Күнсұлу Бөрімбекова да осы №43 мектепте жұмыс істейді. Директорға қарсы сөз айтамын деп, жұмыстан қуылдым деп отыр.

 

«Мұғалімдердің сабағына кіреді, әр пәннің декадасына 5 мың теңге ставка қояды. Ақша бермеген мұғалімнің сабағы «нөл» деп бағаланады. Сол жинап жатқан ақшаның есебін сұрадым. Ол ашуға булығып, мені «статьямен» жұмыстан шығарамын, 17-нен бастап жұмысқа келмеуімді талап етті», - дейді К.Бөрімбекова.

 

Ұстаздар басшының әрекетін «диктаторлыққа» балап отыр. Айтуларынша, директор мұғалімдерді сабақ үстінде өзіне шақырып алып, жиналыс жасауды жақсы көреді екен. Ал, декреттік демалыстан шыққан мұғалімдер «ставкасын» төлемесе жұмыс істей алмайтын көрінеді.

 

Алайда, мектеп директоры Эльмира Өмірбекова мұның бәрін өзіне жабылған жала деп отыр.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

«Жапқан жала үшін сотқа шағымданамын. Дәлел жетеді. Заң бар, бәріміз сол заңға бағынуымыз керек, сондықтан бұл мәселені сот арқылы шешпекпін», - деп қысқа қайырды Тараздағы №43 мектептің директоры.

 

Аталған мәселеден облыс әкімі де хабардар екен. Ал, қалалық білім бөлімі арнайы комиссия құрып, мектеп ішіндегі проблеманы шешеміз деп отыр. Алайда, мұғалімдер мен ата-аналар комиссияға да, білім бөлімінің басшыларына да сенбейтінін айтты. Өйткені, дәл осы директор 2017 жылы да №25 мектептен қуылған екен: тура осындай шағыммен. Соған қарамастан білім бөлімі оны №43 мектепке директор етіп тағайындаған.

 

 

 




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 12:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30