Жаңалықтар

Тараздық оқушы банан мен апельсин қалдығын тыңайтқыш ретінде қолдануды ұсынды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Аяулым Әділова жеміс-жидек қалдығынан ауыл шаруашылығына қажетті органикалық тыңайтқыш өндіруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Жас ғалым күнделікті тұрмыста пайда болатын қалдықтарды, соның ішінде банан мен апельсинді тыңайтқыш ретінде қолдану арқылы бірқатар аграрлық мәселелерді шешуге болады деп санайды.

 

«Қазір көбіне өсімдік шаруашылығында адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды химиялық заттар қолданылады. Оған балама ретінде биологиялық тыңайтқыш – банан мен апельсин қалдығын қолдануды ұсынамын. Зерттеу жұмысымның барысында түрлі тәжірибелер жасап, оң нәтижелерге қол жеткіздім», – дейді Аяулым.

 

Жас зерттеуші химия пәнінің мұғалімі Эльмира Әкімованың жетекшілігімен тәжірибелер жасап, аталған органикалық қалдықтардың пайдалы элементтерге бай екендігін және шаруашылықтағы тиімділігін анықтаған.

 

«Аяулым сәуірде өтетін «Химик-зерттеуші» ІII Халықаралық үздік ғылыми жоба сайысына шақырту алды. Еліміз пандемияны еңсеріп, карантин аяқталса, міндетті түрде жарысқа қатысамыз. Қазір оқушым екеуміз күнделікті Skype арқылы сөйлесіп, жобаны дамыту үстіндеміз», – деген ұстаз шәкіртінен үлкен үміт күтетінін жеткізді.

 




Көрілген: 319    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.03.2020, 08:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31