Жаңалықтар

Тараздық оқушы қыз 2 млн теңге грант жеңіп алды

  • https://www.zhasalash.kz/

    https://www.zhasalash.kz/

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептің он екінші сынып оқушысы Дана Құрманбек құрғақ сарысуды өндіретін бизнес-жобасын жүзеге асыруға екі миллион теңге грантты ұтып алды. Оның бизнес-бастамасын «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдады.


Бұл ретте екі миллион теңге грантты ұтып алған оқушы қыз Дана Құрманбекті сөзге тартқан едік.


– Біздің елге құрғақ сүт сарысуы Ресей мен Беларусиядан импортталады. Ал оны өзіміз өндіре бастасақ, қосымша шығындардан арылар едік. Құрғақ сарысу 150-ден астам өнім түрлерін шығаруда қолданылады. Бұл косметикалық және фармацевтикалық құралдар, шұжық және кондитерлік өнімдер, балмұздақтың түрлері, – дейді Дана.


Жас бизнес-леди өз идеясын жақын арада іске асыруды жоспарлап отыр. Бизнес-жоспар да бар, инвестиция да дайын дейді ол.


Оқушы қыз бизнес-жоспарын жетекшісі, экономика пәнінің мұғалім-модераторы Әлия Жусанбаеваның басшылығымен мұқият құрып, есептеген екен. «Сүт өнімдерінің қалдықтарын қайта өңдеу арқылы құрғақ сарысуды өндіру жобасын жүзеге асыруды Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жүзеге асырамыз. Еңбегіміз болашақта өңірдің және елдің экономикасына ерекше пайда әкеледі деген үміттеміз. Бұл жобаны болашақта одан ары дамытып, бірнеше адамды жұмыспен қамтитын үлкен кәсіпорындар ашуға мұрындық болсақ дейміз. Ол енді болашақтың еншісіндегі шаруа», – дейді Әлия Махтабекқызы.


Айта кету керек, Дана Құрманбек байқаудың ең жас қатысушысы атанды. Оның жасы небәрі он сегізде. Данамен қатар байқауға зейнеткер жасына дейінгі тәжірибелі кәсіпкерлер де қатысты. Әрбір қатысушының өз бизнес-жобасын таныстыруға үш минут және конкурстық комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беруге екі минут уақыт берілді.


Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, байқауға барлығы 250 өтінім келіп түскен. Жобалар бизнес-идеялардың жаңашылдығы, бизнестің бәсекеге қабілеттілігі мен дайындығы критерийлері бойынша бағаланды. Конкурстық комиссия құрамына Назарбаев Университетінің, қала тұрғындарын жұмыспен қамту орталығының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпкерлер палатасы мен түрлі кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ, бизнесмендер кірді.


 zhasalash.kz




Көрілген: 298    Пікірлер: 0

сенбі, 09.11.2019, 18:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қараша, 02:44
    Біз жастарға сенеміз
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31