Жаңалықтар

Тәрбиелі болып өмір сүрудің маңызы

  • Тәрбиелі болып өмір сүрудің маңызы

    Тәрбиелі болып өмір сүрудің маңызы

ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметінің есебіндегі бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Б.С.С есімді азамат  жаза өтеуден сот қаулысымен 1 жыл 9 ай 4 күнге  шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Б. 2020 жылы ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігі, 2,3 тармақтарына сәйкес, ұрлық жасау дерегі бойынша үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталып Солжағалау аудандық пробация қызметі есебіне қойылған. Пробация қызмет і есебіне алынғаннан кейін, Б-пен пробация қызметкерлері тарапынан тәрбие жұмыстары жүргізіліп отырылды.

       Б. жаза өтеу барысында жаза өтеу тәртібін және өзіне сот үкімімен жүктелген міндеттерді бұзбай, өзінің түзу жолға түскендігін дәлелдеді. Осы себептерге байланысты, Б заң бойынша жаза өтеудің белгілі бір бөлігін өтегеннен кейін Өскемен қалалық сотына жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап қолдаухатын жазды. Пробация қызметі тарапында аталған азаматты мінездейтін іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолданып, сот отырысы өткізілді.

       -Мен, ұрлық қылмысын жасадым, қылмыс жасағаныма қатты өкіндім алайда, ол кезде кеш болды, маған сот үкіімен үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы берілді. Пробация қызметінің есебіне қойылғаннан кейін, менімен көптеген тәрбие жұмыстары жүргізілді, қазіргі таңда тұрақты жұмыс орным бар, түзелу жолына тұрдым, алдағы уақыттарда бұндай қателіктер жасамаймын деп өз сөзін аяқтады Б. Сонымен қатар, сот мәжілісіне жәбірленуші Р есімді азаматшада қатысып, сотталғанның шарты түрде мерзімінен бұрын босатылуына қарсы еместігін, және сотталғанға қатысты ешқандай арыз-шағымдары жоқтығын жеткізді.

         Пробация қызметі қоғамнан оқшаулауға байланысты жазаларға сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсете отырып, олардың түзелуі бағытындағы жұмыстары жалғастыруда.

   Г.М.Таткенова,  ШҚО бойынша ҚАЖД

 Солжағалау аудандық

  ПҚБ аға инспекторы

   әділет аға лейтенанты




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

жұма, 03.12.2021, 12:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31