Жаңалықтар

Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім

  • Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім

    Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім

Биылғы 2021 жыл – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жарияланды. Бұл – Қазақстан халқының ерен еңбегінің тарихи шежіресі, ортақ өнегелі өлшем болып табылады.

 

         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің оқытушыларының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім» атты онлайн ашық кураторлық тәрбие сағаты өтті. Шараға факультет оқытушылары мен дүние жүзінің әртүрлі елінен білім алып жүрген факультет тыңдаушылары қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты – тыңдаушыларды тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

 

Жиында сөз алған оқытушылар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған өз баяндамаларымен таныстыра отырып, бұл заманалық оқиға – халқымыздың ұрпақтарының орындалған арманы мен үмітінің нәтижесі екені туралы мәлімдеме жасай отырып, бүгінгі күні Қазақстан ТМД елдері арасында жаңғырту мен дамытудың көшбасшысы екенін мақтанышпен сөз етті.

 

Кеште қазақ халқының өмір сүрген кезеңінен бүгінгі тәуелсіздікке жеткен уақыт аралығындағы тарихи кезеңдердегі слайд көріністер көрсетіліп,  іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттік бағдарламаға факультет тыңдаушылардың орындауларындағы «Көк тудың желбірегені», «Атамекенім Қазақстаным», «Елім менің», «Өз елім», «Балапан қаз» сынды патриоттық және дәстүрлі әндер шырқалып, Құрманғазының «Адай» және Нұрқисаның «Алқиса» секілді күмбірлеген күйлер шертіліп, тыңдаушылардың Тәуелсіз мерекесіне арнап шығарған өз  туындыларын оқып, арнау мен  толғауларын паш етті.

 

Факультет тыңдаушылары білім алудағы өз жетістіктері туралы мақтанышпен айтып, өз оқытушыларына алғыс білдірді. Факультет тыңдаушылары мен оқытушылар дайындаған концерттік нөмірлер жиналған жұртшылық көңілінен шықты.

 

Бұл факультет тыңдаушыларының рухани-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, әрі ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы әрі маңызды іс-шара болды.

 

 

 

 А.Е. Саденова., Г.М. Мужигова., С.А. Нусупбаева

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары




Көрілген: 347    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 16:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31