Жаңалықтар

Тәуелсіз Қазақстан: Көп тіл білу-жетістік көзі

  • Тәуелсіз Қазақстан: Көп тіл білу-жетістік көзі

    Тәуелсіз Қазақстан: Көп тіл білу-жетістік көзі

Қазақтың ақылы – көзінде, қасиеті сөзінде деген- дана халқымыз. Рухани байлығымыздың сарқылмас мұрасы және келер ұрпақтың тәрбиеге тиек болар тірегі - бұл біздің ана тіліміз. Қазақ тіл білімінде ана тілі терминін алғаш ұсынып, ғылыми айналымға енгізген ғалым Ахмет Байтұрсынұлы.
Ана тілі балаға ананың ақ сүтімен берілетіні баршамызға аян. Кез келген. тлдің бастауы - ана тілінде. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Тіл - адам өмірінде шешуші рөл атқарады. Тіл - танудың, түсінудің, дамудың құралы. Ал бірнеше тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік береді.

2021 жыл-Тәуелсіздігімізді алып, Егемен ел атанғанымызға 30 жыл. Тарихи тұрғыдан бағамдасақ, отыз жыл – аса көп уақыт емес. Десе де, Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдік алпауыттармен терезесін теңестіріп, жаһан жұртына қарышты қадамдарымен танылып үлгерді. Осы орайда Қазақстан Республикасының шет елдермен халықаралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін көп тіл білетін жас ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Өзге тілдерді білуге талпынумен қатар меңгеру бүгінгі заманның талабы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үш тілді болуы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс" - деген тұжырымы бар. Еуропа елдерінде көптілділік қалыпты нормаға айналған. Біздің мемлекетіміз де осы елдердің алдыңғы қатарынан бой көрсетіп жатса нұр үстіне нұр болар еді.

Алдыңғы буын аға мен кейінгі буын бауырларымыз шет тілдерін кең тұрғыда меңгермей, ұлттың нағыз бәсекеге қабілеттілігі туралы айту ерте. Тіл меңгеремін, үйренемін, дамимын деген тұлға үшін барлық жағдай жасалуда. Оқытушы тарапынан шет тілдерін оқытуда аудиторияда лингафондық құрал-жабдықтар қарастырылған. Сондай-ақ, қазіргі әлемнің "лингва франкасын" меңгеру - біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктер ашады" - деген Елбасымыздың сөздері арқылы тіл саясатының маңызды екенін ұғынып келеміз. Рухани байлықтың бастауы hәм қазынасы -тіл. Тілдік білім беруді дамытумен қатар өскелең ұрпақты рухани бай, тәжірибесі мол, білікті маман етіп дайындауда еліміздегі жоғарғы оқу орындарының маңызы зор.

Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде тілдік білім беруді дамытумен қатар әлемдік стандарттарға сай білім беру сапасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Оның айқын мысалы: "ҚазҰУ-дың барлық факультетінде шет тілін тереңдете оқытуға көшуі" - деп нақтылағым келеді. Осы орайда әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті тілдік бағыттағы мамандар даярлайтын бірегей білім ордасы екенін айта кеткен жөн. Әл-фараби атындағы ҚазҰУ көпжылдық тәжірбиесі бар, кәсіби білікті, сайыс мамандарымен қатар ғылыми-оқытушылық құрамға ие. Бұл жерде әлем тілдерін өз бетімен меңгеруге, шет елде арнайы жобамен білім алуға мүмкіндіктер жасалынған. Оқытушылар да ұдайы өз біліктіліктерін арттырып, заман талабына сай дамып отырады. Осыған байланысты, шет елдегі білім ордаларының оқытушыларымен тәжірбие алмасуды ерекше қолға алған.

Еліміздегі жетекші білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жоғарғы оқу орындарына ұсынылатын талаптарға сай білім беріп, нәтижелі жұмыстар атқаруда. "Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте"- деп Қадыр ақын айтқандай тіл білуді ана тілден бастаған жөн. Кез келген тұлғаны мақсатына жеткізетін саналы болмысымен қатар тағлымды тәрбиесі және меңгерген тілі. Рухы асқақ, іргесі бөлек ел болуымыз үшін ұрпағымызды тәрбиесі мен біліміне баса назар аударуымыз қажет.

Айтжанова Гүлнара Досхожақызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының доценті




Көрілген: 269    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.10.2021, 16:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31