Жаңалықтар

Тәуелсіз, тұғыры биік- Қазақстан!

  • © Kaznu.kz

    © Kaznu.kz

Халық басына қиын- қыстау заман зары туған шақта қазақ қауымының бас көтерген батыры да, ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды.


Сол перзенттер қатарына қазақ елі үшін аянбай еңбек еткен ақын - жазушыларымыз, біртуар батырларымызды айтсақ болады. Қазақ елінің жастарын білімге шақырған Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірінде қылыштан гөрі қаламның қуатты екені байқалған. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басын ала бере тарих сахнасына қазақтың оқығандары шықты.


Ол кезде Отанымызда кеңестік кезең орнаған еді. Бұл кезең әр қазақ азаматы үшін тәуелсіздікті аңсатқан заманның бірі болды. “... Уақыт қарқыны зымыран,- демекші 1991 жылдың 16 желтоқсан да келіп жетті. Бұл күн - бар қазақтың арманы орындалған күн! Бұл күн- Қазақстанның Тәуелсіздік алған күн!


Содан бері 27 жыл. Қазақстан, тарих сахнасында қуатты, экономикасы дамыған мемлекеттер қатарына қосылды.


Мемлекеттің болашағы - жастар. Сондықтан да білімді жастарды тәрбиелеу басты мақсат. Осы мақсатты жүзеге асыруда, жастарды біліммен сусындатып келе жатқан оқу ордасының бірі де бірегейі - Қазақ Ұлттық Университеті. Бүгінде білім саласының қасиетті қара шаңырағына айналған, үздік жоғарғы оқу орны - Қазақ Ұлттық Университетіне 85 жыл. Универсиет түліктері әр салада абыроймен еңбек етіп, еліміздің өркендеуі үшін қажырлы еңбек етуде. Оқу орны ұстаздары бұдан әрі де білікті маман даярлауда аянбай еңбек ете береді.


ҚазҰУ заң факультетінің аға оқытушысы,

құқық магистрі Есекеева Айнаш Аксимсаловна


 




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.02.2019, 14:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31