Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

15 желтоқсан 2022, 15:16

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы жарияланды. Осылайша Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі заңнама тұрғысынан рәсімделді.

Құқықтық тұрғыда әлемнің саяси картасында дәл осы күні жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Осылайша тарихи әділеттік орнап, бабаларымыздың ұлы арманы орындалды. Бұған дейін декларация түрінде ғана болған мемлекеттік тәуелсіздік енді конституциялық негізге ие болды. Заңдағы 18 баптың біріншісі біздің елімізді ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады. Ұлттың бостандық жолындағы табанды күресінің арқасында Қазақ елі тәуелсіздігін алды.

Тәуелсіздік бұл ата-бабаларымыздың аңсар арманы болған, даналарымыздың үзілмес үміті болған, Алаш ардақтыларының осы жолда жаны пида болған қастерлі де қасиетті ұғым! Өз мемлекетіңнің тәуелсіздігін қастерлеу, өзің тұратын елдің егемендігін құрметтеу – тек патриоттық парыз ғана емес, үлкен жауапкершілік. Тек азат адамдар мен тәуелсіз халықтар ғана дүниеде шынайы тыныштық орната алады. Мемлекеттер мен халықтардың өз еркі өзіндегі тәуелсіздігі – ешкім тіл тигізе алмас қасиетті ұғым. Бұл қазіргі адамзаттың ең басты мұраты, ең асыл игілігі. Ал біз үшін Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат». Тәуелсіздік күні тек ресми бекітілген мерекелік дата ғана болуға тиісті емес. Бұл күннің одан анағұрлым маңызы үлкен мазмұны бар. Ол тәуелсіздік жолындағы күрестің нүктесін қоюмен бірге, оның басталған күні де болды. Бүгін әр қазақстандық оны өзінің жеке тәуелсіздігі мен табысты күні есебінде мерекелей алады.

 Ұлтымыздың тарихына көз жүгіртсек, ұлт болып қалыптасуымызға, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды сақтап қалуға, ел бірлігі мен жер кеңдігін дін аман ұрпаққа аманаттау үшін мыңдаған жылдар толассыз күреспен өткендігін байқаймыз. Жоңғарлармен шапқыншылықта  елі үшін қолына найза алған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай секілді батырларымыздың  ерлігі, ел басына күн туғанда бірлікке шақырған, ақыл-кеңесін берген, керек кезінде атқа қонған орақ ауыз, от тілді би-шешендеріміз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің мәмлелі кеңесі халқымыздың рухын көтеріп отырды.  Жаймашуақ күндерімен қоса қасіреті де қатар жүретін  қилы заманды басынан өткерген қайсар халық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін, 1917 жылғы ұлы қазан төңкерісін, 1931-1932 жылғы ашаршылық нәубетін, 1937-1938 жылдары ұлт көсемдері атанған зиялы қауымды қынадай қырған  репрессияны, 1941-1945 жылдары  неміс  фашистерінің тұтқиылдан шабуыл жасаған Ұлы Отан соғысын, 1986 жылғы тәуелсіздікті ұрандап алаңға шыққан жастардың жазықсыз қырылған «Желтоқсан» оқиғасын қайыспай көтерді. Ұлан байтақ жер үшін, Қазақ мемлекеттігінің мәңгілік сақталуы үшін болған күресте арқасын оққа  төсеген нар тұлғалы ер-азаматтардың қанымен, тілеуін тілеген, ботадай боздаған ананың көз жасымен, өрімдей жастың  жалындаған жігерімен, арманымен келген Тәуелсіздік сөзі  - киелі, қастерлі ұғым.

Бүгінде өз шекарамыз айқын, дініміз бен тіліміз, мемлекеттік рәміздеріміз бен ұлттық құндылықтарымыз, мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз бар егеменді, зайырлы елге айналдық. Ұлтымызға тән қайтпас қайсар мінезі мен болашаққа деген сенімі бізді осы күнге жеткізді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ елі өз Тәуелсіздігінің туын тікті, өз Президентін сайлады, өз көшін түзеді. Мемлекет азаматтарының құқықтарын, заңдарын нақтылайтын  Конституция қабылданды. Әлемдік деңгейге танылу жұмыстары қарқынды жүрді. Қазақ ұлтының әнұраны шырқалды, көк туы желбіреді,  елтаңбасы еншіленді, ұлттық валютасы қолданысқа енді.

Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы әр адамға байланысты екенін көптеген зиялыларымыз айтудан жалықпайды. Қазақтың белгілі жазушысы, қайраткер Әбіш Кекілбаев: «Кешегілердің еңбегін елемесек, бүгінгіміздің көңіліне қарамасақ − ертеңгілерді қайдан қарық қыламыз?!» деген еді. Сондықтан өткенге салауат айтып, бүгінгіні бағалап, ертеңге деген жақсы ниетпен өмір сүрудің маңыздылығын түсінгеніміз жөн. Тәуелсіздік – еркіндіктің, мәңгілік азаттықтың кепілі. Еліміздің егемендігі мәңгілік болу үшін жас ұрпақ  біздің жасампаз мемлекетімізге лайық болуы керек. Мемлекетті озық білім мен терең ақыл-парасатпен тізгіндесек қана тәуелсіздік уысымыздан сусымасы анық!

әуіріне қадам басты. Біз Мемлекет басшы- сының бастамасымен түбегейлі бетбұрысқа жол ашқан ауқымды өзгерістер жасадық. Конституциялық реформаны жүзеге асыр- дық. Мемлекетіміздің ең басты салаларын жаңғырттық. Соның арқасында халықтың болашаққа деген үміті артып, сенімі нығая түсті. Жаңа Қазақстан. Әділетті қоғам. Ха- лық үніне құлақ асатын мемлекет. Естуші мемлекет құрып жатырмыз. Жаңару мен жаңғыру жолы таңдалды. Саяси реформалар түбегейлі өзгерістерге алып келуі керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі таңда жиі көтеріп жүрген қағидасы «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беруші Үкімет». Ал ел мұраты – татулық пен тыныштық. Кез келген мағыналы істің басында бірлік тұрады. Көп мақсаты иін тіресіп, тізе қосып, бір жүрсе орындалады. Қолға алған, бастаған ауқымды да, іргелі істерімізге береке берсін дейміз. Бұдан да жақсы күндер әлі алдымызда. Әрине, бұл игі істердің аяқастынан жүзеге аса қоюы мүмкін емес. Дүниеде не болса да бірте-бірте, аздап-аздап ілгері басары сөзсіз. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов айтқандай, «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады. Адам баласы қылып жүрген іс ой-ақыл болып басталады, сөз болып сөйленеді, иә жазылады, ақыл сөз сонан соң барып іске айналады».

Жанат Берлібеков, 

Ә.Ермеков атындағы 

мектеп-лицей КММ директоры