Тәуелсіздік туын тігуге
қаншалықты қажыр – қайрат керек болса,
Оны құлатпай сақтап қалуға
соншалықты қажыр қайрат керек.
Н.Назарбаев
Тәуелсіздік, Бостандық, Рух еркіндігі, Азаттық деген сезімнен асқан ғажап қуаныш, өрісті сезім жоқ. Әрбір мемлекеттің ең бір бақытты шағы – Тәуелсіздігі! Бізге Тәуелсіздікпен мақтану аз, оны жақтау жеткіліксіз, оған ата –бабамыздың ұрпақ алдындағы аманаты деп көздің қарашығындай сақтау парызымыз. Өскелең ұрпаққа осы аманатты саналарына сіңіріп, бойларына құйып, жетелеріне жеткізіп, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру ұстаздық міндетіміз. Жерінен, мекенін айырылған ұлттың арқалап кете беретін жалғыз байлығы, асыл қазынасы – тілі. Ана тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу, дәріптеу, насихаттау дамыту Ұлт алдындағы міндетіміз.
Дәуір мен дәуір, ғасыр мен ғасыр алмасып жатқанда еліміз ата –бабамыз сан мың жылдар аңсаған мұратына біз жетіп отырмыз. Бізге бұйырған осынау бақты бағалай білу, жүрегімізбен ұғынып, көзімізге жас алып, тебірену бізге берілген өлшеусіз сый!
Осынау Тәуелсіз жылдардың әр жылының өзіндік тарихы бар. 30- жылдың жақсылығы мен берекесі, жеңісі мен қуанышы болды. Кездескен кедергілер мен қиыншылықтар біздің жас мемлекетімізді ширатып, әлемдік өркениетке жол ашты. Бүгінде өзгелермен иық тіресіп, тәуелсіздіктің айдынында қалқып келеміз.
Тәубе! Тәубемізден жаңылмай, тәуекелшілдігімізден тайынбай, тәуелсіздігіміздің тасын өрге домалатып, мемлекет атты шаңырағымызды биікке көтеруге ат салысу, бірлігіміз бен татулығымызды нығайтып, білім мен ғылымның дамуына үлес қосу әрбіріміздің Ұлт алдындағы, Отан алдындағы парызымыз деп білемін.
Байтуова Гүлмира Ганиевна
мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары
Түркістан облысы
Бәйдібек ауданы
«Жаңаталап негізгі орта мектебі» КММ