Тіл үйретудің шебер мектебі

Тіл үйретудің шебер мектебі

Қара шаңырақ саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында 90 жылдардан басынан бастап-ақ қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесін жасауды қолға алды. Шетелдіктерге арналған факультетте алғаш қазақ тілін үйрену үшін келген шетел азаматтары үшін арнайы топтар ашылып, оларға қазақ тілін үйретудің жаңа бір бағыты дүниеге келді.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы құрылғанынан бастап, ұжымының ғылыми-практикалық еңбектері, орыс тілін шет тілі ретінде және қазақ тілін шет тілі ретінде меңгеру теориясының ғылыми негізін қалыптастырып, өзге тілді оқыту практикасын дамытып, өзіндік платформа іске қосылды.
Факультет ашылған күннен бастап қазіргі уақытқа дейін қазақстандық лингвистикадағы қазақ тілін шет тілі ретінде меңгерудің қолданбалы бағытының даму кезеңі деп атауға болады. Оны өткен ғасырдың соңы мен жаңа ғасырдың басындағы Республика өміріндегі саяси, экономикалық, мәдени өзгерістерімен байланысты экстралингвистикалық факторлармен қатысты қос және көптілділік жағдайында дамыту қажет болды.
Қазіргі таңда аталмыш кафедрада өзге тілді меңгеру мәселелерін зерттеу бойынша, теориялық қағидалары дәрісханалық жұмыс жасауда толығымен қолданыс тапқан, өзіндік ғылыми-әдістемелік мектеп пайда болғанын сенімділікпен айтуға болады. Кафедрада тіл меңгерудің жалпыеуропалық, ресейлік қалыптарына негізделген қазақ тілін шетел азаматтарына оқытудың көп деңгейлік жүйесінің моделі жасалған. Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың әрбір деңгейі нақты практикалық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған.
Қазақ тілін оқытудың әр деңгейінде сөйлеу, айту, интонациялық, лексикалық, грамматикалық дағдылардың қалыптасуына сандық және сапалық талаптар қойылады. Тіл меңгерудің қарапайым, негізгі және жалғастырушы деңгейлері коммуникативті жеткілікті, аутентикалық сөйлеумен және тілдік материалдармен қамтамасыз етілген.
Шет тілін үйрету тіл үйренушілердің мәдениетаралық қарым-қатынасқа жеке және тең дәрежеде қатыса алатындай би/полимәдениеттік тілдік тұлға мінезін қалыптастыруға бағытталып отыр. Үйреніп отырған тілді мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру тек мазмұны шынайы қарым-қатынасқа негізделген жағдайда ғана үйрене алады. Бұл ұстаным бір-бірімен тығыз байланысқан түсініп-тыңдау, ауызша сөйлеу мен оқу және жазу әрекеттеріне тікелей қатысты. Сондықтан да қазақ тілі оқытушылары өздерінің ғылыми, оқыту-әдістемелік жұмыстарын тіл меңгерудегі сөйлеу әректтерінің түрлерін: тыңдалым, жазылым, оқылым, айтылым (диалогтық, монологтық) шыңдауға арнайды. Қазақ тілін оқыту үдерісінде жоғарыда айтылған әр деңгейдің сапасын бақылау мақсатында сөйлеу әрекеттерінің әр түріне арналған арнайы тестілік тексеру жүйесі жасалынған. Сондықтан қазақ тілін үйрену үшін келген әрбір азамат өзінің тілді меңгеру деңгейін арнайы тест арқылы бақылап көре алады және сөйлеу әрекеттерінің қай түрі қалыс болса, сол бағытта көбірек жұмыс істеуіне мүмкіндік ала алады.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының қазақ топтарында жұмыс істейтін оқытушылар құрастырған оқу бағдарламалары тіл үйретудегі базалық, орта, жоғары деңгейлердің (А1, А2, В1, В2, С1, С2) дерлік барлығына арналып құрастырылған. Әрбір бағдарлама логикалық тұрғыдан дұрыс және жүйелі түрде, бұған қоса инофонның тіл меңгеруін жеңіл әрі қысқа мерзімде белгілі бір жағдаятқа байланысты өз ойын еркін айта және жаза алатындай, сонымен қатар тіл үйренушіні коммуникацияға шығара және шетелден келген тыңдаушылардың өздеріне таныс емес елдің географиялық ерекшеліктерімен, тарихымен, мәдениетімен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен, тұрмыс-тіршілігімен, өнерімен таныстыра алатындай дәрежеде жасалынған. Бұл шетелден келген азаматтардың жаңа тілдік, әлеуметтік және мәдени ортаға бейімделуіне көмектеседі, тілді үйрену процесін белсендетіп, студенттердің сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.
Кафедра оқытушылары шетелдіктерге тілді оқыту әдістемесі бойынша бай материал және үлкен жұмыс тәжірибесін жинады. Мұның бәрі оқытушыларға өз оқулықтарын және оқу құралдарын құрастыруда, өздерінің бірегей әдістемелерін жетілдіруге көмектесіп отыр.
Тіл меңгеруге келген шетел азаматтары тек қана тіл үйреніп қоймай, сонымен қоса қазақ елінің тарихы, салт-дәстүрі, өнері, мәдениеті жайында көптеген мәліметтермен сусындап, өз көздерімен көруге тырысады, қызығады. Сондықтан тыңдаушылар Қазақстанның көрнекті жерлеріне саяхат жасап, мұражайларға, қазақтың опера, драма театрларына барады.
Соңғы барған мәдени орындарының бірі әкем-театр М. Әуезов атындағы драма театрында «Анна Каренина» қойылымының премьерасы болды. Осы қойылымды көруге құлшыныс танытқан тыңдаушылар театрға барып, қазақ тілінде премьераны көріп, қазақ театр өнерінің биік шоқтығына қол соғып, ризашылықтарын білдірді. Қазақтың өнеріне деген таңданыстарын да жасырмайды. Ұлттық аспаптар оркестріне, опера балет, драма театрына, қазақ киносына, Қазақстанның мұражайлары мен әсем табиғатына деген көңілдерін жарыса білдіріп жатты.
М.П. Ешимов филол.ғ.к., аға оқытушы
Г.Ә. Мұсаева филол.ғ.к., доцент
С.Р. Нұртілеуова аға оқытушы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста