Жаңалықтар

Төбесін тіреуішпен тіреп қойған: Алматы облысында ата-аналар 73 жылдық тарихы бар мектепті жабуды талап етуде

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Қарасай ауданы Долан ауылының тұрғындары 73 жылдық тарихы бар мектепті жабуды талап етіп келе жатқанына көп болды. Ата-аналардың шағымынан соң шенділер 250 оқушы оқитын мектепке ағаш тіреуіштер әкеліп қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Сөздің шыны керек бағдарламасына сілтеме беріп.

 

Асханасы, дәретханасы, спортзалы, кітапханасы жоқ көне ғимараттың бір қабырғасын тесіп, дәретхана салатынын естіген ата-аналар ашуға басыпты. Қирайын деп тұрған мектепте оқитын оқушылар үйіндінің астында қалады деп ата-аналары алаңдаулы.

 

Төбесін тіреуішпен тіреп қойған мектепте оқитын балалардың қауіпсіздігіне алаңдағандардың кейбірі балаларын басқа мектепке берген.

 

“Шегеге бекітілмеген тіреуіштер. Әншейін тұр дегендей етіп жасай салған”, – дейді Долан ауылының тұрғыны.

 

“Өзінің өлшемі бар шеге. Тіреуіштерді тіреген себебіміз былтыр ата-аналар шулады. Тіреуіш те тұр, құламайды”, – дейді мектеп директоры Гүлнәр Раисова.

 

Кейбір ата-аналар сұхбат беруден қорыққандықтан бас тартқан. Себебі оларды полиция іздеп жүрген көрінеді

 

“Халық жауымыз ба? Балаларымыздың денсаулығын уайымдағанымыз үшін үйге участковыйлар келіп жатыр. Көп ата-ана келген жоқ, себебі қорқады”, – дейді Жазира Жомарт.

 

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі Райымбек ауылдық округінің Долан ауылында 600 орындық жаңа мектеп салу үшін құрылыс монтаждау жұмыстарының басталуына 1 млн теңге қаражат бөлініп, Алматы облысы мемлекеттік сатып алу басқармасында ашық конкурсын жарияланды деп хабарланған.

 

 




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.10.2021, 01:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31