Жаңалықтар

Тоқаев Қарағандыға іссапарында жаңадан салынған мектепті аралады

  • Тоқаев Қарағандыға іссапарында жаңадан салынған мектепті аралады

    Тоқаев Қарағандыға іссапарында жаңадан салынған мектепті аралады

Сонымен қатар, Президентке коронавирус пандемиясы кезіндегі оқу үдерісінің ұйымдастырылуы жөнінде мәлімет берілді.

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан салынған 1200 орындық мектеп-гимназияны аралап көрді.

Жаңа білім ошағына жақын жерлердегі қазақ мектептерінен 900 оқушы ауысқан. Бұл үш ауысымда оқыту мәселесін шешуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуымен танысып, бастауыш сынып оқушылары оқитын кезекші сыныптарды аралады.

Мемлекет басшысына заманауи құралдармен жабдықталған кабинеттер, STEM-лаборатория, роботтық техника және зияткерлік бөлмелер, мектеп телестудиясы мен медиастудия көрсетілді. Мектепте сабақтан тыс ұйымдастырылатын үйірме жұмыстары үшін ART-студия және хореография залы салынған.

Президент жаңа мектеп-гимназияға Абайдың есімін беру жөніндегі ұсынысты қолдады. Оқу ошағы ұлы ақын әрі ойшылдың мұраларын зерттеу, насихаттау орталығына айналады. Мектеп базасында қалалық қана емес, облыстық іс-шаралар да өткізіледі. Ол үшін 700 орындық акт залы бар. Оның іші Абай шығармашылығымен безендірілген.

Сонымен қатар, Президентке коронавирус пандемиясы кезіндегі оқу үдерісінің ұйымдастырылуы жөнінде мәлімет берілді. Жаңа оқу жылында өңірдегі 504 мектепте 204 мың оқушы, соның ішінде, 22 мың бірінші сынып оқушысы білім алуда.

Контингенті 300-ден аспайтын 279 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Мұндай оқу орындарында 29 мыңға жуық оқушы оқиды. Бастауыш және бесінші сынып оқушылары үшін 6166 кезекші сыныптар ұйымдастырған. Бұл сыныптарда 77 мыңнан астам бала оқып жатыр. Бүкіл білім беру мекемелерінде санитарлық режим барынша күшейтілген.




Көрілген: 462    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 17:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 18:48
    Мен жаңашыл ұстазбын
    20 Желтоқсан 2020
    Менің ұстазым...
    14 Желтоқсан 2020
    Тәуелсіздік туралы эссе

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31