Жаңалықтар

Тоқаев мектепте қандай пәндерге басымдық беру керек екенін айтты

  • Тоқаев мектепте қандай пәндерге басымдық беру керек екенін айтты

    Тоқаев мектепте қандай пәндерге басымдық беру керек екенін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп біліміне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ол мектептегі білім беру ісіне түбегейлі шаралар қажет екенін атап өтті.
"Оқушылардың білімін халықаралық бағалау мектептердегі білім сапасының жүйелі түрде нашарлауын көрсетеді. Бұл - ұлттың бәсекеге қабілеттілігіне қауіпті. Түбегейлі шаралар қажет, - деді президент.

Оның айтуынша, бүгінде мектеп бағдарламасына жаңа пәндерді енгізу жайлы бастамалар бар.

"Соңғы 10 жылда 9 жаңа пән пайда болды. Білім жүйесі тәжірибе жасайтын алаң емес. Мұның бәрі негізгі пәндерді оқуға бөлінген сағат санының азаюына әкеледі. Бұл ретте бізде ең жоғары оқу жүктемесі &ndash 67 сағат, ал Финляндия мен Оңтүстік Кореяда ол небәрі 39 сағатты, ал АҚШ-та-55 сағатты құрайды. Сондықтан оқу мен оқушылардың дамуында дұрыс тепе-теңдік маңызды.

Математика, тілдер, информатика сияқты басым пәндерге ерекше назар аудару керек", - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, президент қазақстандық оқулықтардың сапасына көңіл толмайтынын айтты.

"Оқулықтардың сапасына қатысты мәселе бар. Бүгін мектепте Қазақстан тарихы мен Әлем тарихы пәндерінің оқулықтары қолданылады. Осы оқулықтарды оқып, сапасыздығына таңғалдым. Тарихи оқиғалар мен фактілер оқушыларға дәлме-дәл жеткізілуі тиіс. Сондықтан "Қазақстан тарихы" мен "Әлем тарихы" мектеп оқулықтарын біркелкі етіп шығаруды тапсырамын", - деді ол. 




Көрілген: 638    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.01.2021, 15:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30