Жаңалықтар

Тоқаев: Тұрғын үйлер бой көтерген кезде онымен бірге міндетті түрде мектеп пен балабақша салынуы керек

  • Тоқаев: Тұрғын үйлер бой көтерген кезде онымен бірге міндетті түрде мектеп пен балабақша салынуы керек

    Тоқаев: Тұрғын үйлер бой көтерген кезде онымен бірге міндетті түрде мектеп пен балабақша салынуы керек

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1000 мектепті салу үшін әкімдерге жерді алдын ала бөлуді тапсырды, деп жазады baq.kz. 

Мемлекет басшысы мектептердегі орын тапшылығы да өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Биылғы Жолдауымда жылдың соңына дейін 1000 мектеп салу туралы тапсырма бердім. Бұл - маңызды міндеттің бірі. Жауапты мемлекеттік органдардың жұмысы осы тапсырманы сапалы әрі тиімді орындауына қарай бағаланады. Қазір мектеп салу үшін жер телімін алу айтарлықтай қиындық туғызатын болды. Өңір әкімдеріне барлық мектепке жер телімін алдын ала бөлуді тапсырамын, - деді Тоқаев.

Президент елді-мекеннің жоспарын жасап, тұрғын үй салған кезде әлеуметтік нысан болу қажеттігі ескерілуі тиіс екенін айтты. Бұл – заңнамада көрсетілген талап.

Бірақ жергілікті атқарушы органдар белгіленген талапты орындай бермейді. Тағы да қайталап айтамын. Тұрғын үйлер бой көтерген кезде онымен бірге міндетті түрде мектеп пен балабақша салынуы керек. Үкіметке заңның сақталуын қатаң бақылауды тапсырамын, - деп айтты Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
 baq.kz. 




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 16:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31