Жаңалықтар

Тоқаевқа жаңа әліпбидің жетілдірілген жобасы ұсынылды

  • https://tolqyn.kz/

    https://tolqyn.kz/

Жаңа әліпбиге көшу үрдісі жоспарлы түрде, біртіндеп іске асырылуы қажет, деді Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша өткен кеңесте.

 

"Негізінде, бұл графика жас ұрпаққа арналған деп айтуға болады. Оның игілігін, ең алдымен, солар көруі керек. Сондықтан, бұл үрдіс жоспарлы түрде, біртіндеп іске асырылуы қажет"&ndash деді президент.

 

Сондай-ақ, мемлекет басшысы қаржы мәселесін де ескеру керектігін айтты.

 

"Жаңа әліпби бастамасы &ndash бұл күрделі әрі шетін мәселе екенін ұмытпаған жөн. Жаңа графиканы енгізу бір күнде я болмаса, тіпті, бір жылда іске аса қоятын жұмыс емес. Әйтпесе, асығыстық бүкіл мәдениетімізге және тарихи болмысымызға зиян келтіруі мүмкін. Мәселе &ndash кириллицадан латын әліпбиіне аударуда емес, бұл қазақ тілінің ауқымды реформасы деген сөз",- деді ол.

 

Жиында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, лингвист-ғалымдар мен сарапшылардың қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарының нәтижесі бойынша баяндама жасады. 

 

Ақтоты Райымқұлова ғылыми тұрғыдан зерделенген әліпби жобасын ұсынды. Жетілдірілген әліпби халқымыздың жазу дәстүрінде орныққан "бір дыбыс &ndash бір әріп" принципіне толық сәйкес келеді, диграфтар, яғни бір дыбысты екі немесе одан көп таңбамен белгілеу принципі қолданылмайды. Бұл әліпби жобасында қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.

 

 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа әліпбидің мектептер мен білім беру ұйымдарына жүйелі түрде енгізудің алдын ала дайындық кезеңдері, ұстаздарды, оқулықтарды даярлау мен әдістемелік құралдарды жаңарту мәселесі бойынша ақпарат берді. Оның айтуынша, барлық шаралар кешенді түрде кезең-кезеңімен, алдын ала толық дайындық жүргізілгеннен кейін ұйымдастырылатын болады.  

 

 

Мемлекет басшысы кеңесте қаралған мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, әліпби жобасы ғалымдармен бірге толық зерделеніп, үкімет жанындағы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысының қарауына енгізуді тапсырды.

 

Аталған комиссия отырысының қорытындысы шыққаннан кейін үкімет жетілдірілген әліпбиді бекіту туралы жарлық жобасын президент әкімшілігіне енгізуі тиіс.

 

sputnik.kz

 




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 20:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 18:48
    Мен жаңашыл ұстазбын
    20 Желтоқсан 2020
    Менің ұстазым...
    14 Желтоқсан 2020
    Тәуелсіздік туралы эссе

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31