TopIQ цифрлық оқулықтарының білім беру әлеуеті

09 желтоқсан 2021, 16:29

2021 жылғы 7 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Алматыкітап баспасының» Абай атындағы Кітап үйінде EdCrunch Glocal халықаралық конференциясы аясындағы«TopIQ цифрлық оқулықтарының білім беру әлеуеті» атты сессия өтті.

Сессия жұмысына Білім бөлімінің басшылары, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының мектеп директорлары мен әдіскерлері, оқулық авторлары, ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысты.«Алматыкітап баспасының» президенті Гаухар Айтжанқызы Саймасаева құттықтау сөз сөйледі.

Сессияның арнайы қонағы – белгілі музыкант, мәдениеттанушы, философ әрі педагог, «Данышпандардың құпиясы» кітабының авторы Михаил Семенович Казиникжиналғандарды құттықтап сөз сөйледі. Оның болашақтың мектебі туралы көзқарасы көрермендердің ықыласына бөленіп, қызу талқыланды.

Сабақ өздігінен қызықты болмайды

Цифрлық орталықтың мамандары Елена Капранчик пен Әсима Рысқұлбекова сессияға қатысушылар арасында заманауи білім беру жүйесінде платформаны пайдаланудың артықшылықтары туралы интерактивті пікірталас өткізді.Сессия жұмысына еліміздің өңірлеріндегі пилоттық мектептер қосылды.

Спикерлер topiq.kz платформасындағы электрондық оқулықтардың баспа оқулықтарының негізінде жасалатынын, олардың сыныпта да, қашықтан оқытуда да пайдалануға ыңғайлы,түрлі мультимедиалық элементтермен және интерактивті тапсырмалармен толықтырылған өнім екендігін атап өтті.

1-4 сыныптарға арналған «Математика» оқулығының авторы Әсел Ақпаева нақты мысалдар келтіре отырып, электрондық оқулық жасау кезінде дидактикалық және әдістемелік әдіс-тәсілдерді қолданудың маңыздылығын, баланың жас ерекшеліктерін ескеру қажеттігін көрсетті.

 

Әсел Ақпаева, «Математика» оқулығының авторы: Оқушы өз бетінше оқи алады, сабаққа ерекше ынтамен дайындалады. Ал егер оқушының танымдық белсенділігін қалай дамытуды жолдарын білмей жүрсеңіз, онда осы мақсатта topIQ.kz платформасын пайдалануды ұсынамыз.

Біз қазір сабақта тапсырма бергенде: «Сендер бүгін тапсырманы орындаңдар, ертең мен жинап аламын, бүрсігүні бағаларыңды білесіңдер»,- дейміз. Сосын бала сабақтан шығып кеткеннен кейін ол сабақты түсінді ме, түсінген жоқ па, білмейсің. Кейде шаршағаннанбүгін сабақта кім жауап бергенін де ұмытып қалуың мүмкін.

Topiq.kz платформасында кімнің қалай жауап бергенін тіркеп алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, оқушылар ережелерді тыңдап, терминдердің дұрыс айтылуына назар аударады, бұл, әрине, баланың қызығушылығын арттырады. Topiq.kz платформасы білім беру үдерісіне етене жақын араласып, мұғалімдер мен оқушылардың көмекшісі болуы керек. Математикадағы көптеген тапсырмаларда дұрыс жауапты қолмен енгізу керек немесе белгілі бір тізімнен сөздерді таңдап алу керек. Мұғалім topiq.kz сайтынан материалдарды сабақтың басында, ортасында немесе кез келген уақытта қоса алады.

Әсіресе онлайн сабақтарды өткізгенде, арнайы материал іздеп әуре болмаймыз, себебі лексикалық тақырып аясында баланың ой-өрісін кеңейтетін бейнематериалдар қойылған. Жылдам тексеру мүмкіндігін, тапсырмалардың орындалуын үздіксіз бағалау мүмкіндігін де оқулықтың артықшылығы деп есептеймін.

Алматы қаласы №25 мектеп-гимназияның 9 «В»сынып оқушысы Керімқұлов Тимурдың анасы Коробова Елена Валерьевна:Менің ұлым topiq.kz-пен жұмыс істейді, оған TopIQ платформасы өте ұнайды. Әсіресе тапсырмаларды көшіріп жазбай, бірден орындаған ыңғайлы деп есептейді. Аудиоматериалдарды тыңдап, бейнематериалдарды тамашалауға болады. Жұмысты орындап болған соң, мұғалімге жібермей тұрып бірден тексеруге, ал қателер болған жағдайда түзетуге, материалды еске сақтап, тапсырманы қайта орындауға да болады. Смартфон арқылы topiq.kz платформасына кіруге болатындықтан, электрондық оқулықты өзіне ыңғайлы кезде пайдалана алады, сөйтіп оқулықты көтеріп жүрмейді. Мұғалімдер қолдайтындықтан, сыныпта да topiq.kz-пен жұмыс істей береді.

Нұр-Сұлтан қ. №62 мектеп-лицейінің география мұғалімі Галина Хомюк:Электрондық платформаны бейнересурстары, аудио және интербелсенді тапсырмалары бар қосымша ретінде күнделікті пайдаланамын».

 

TopIQ дегеніміз –керемет!

Алматы қ. І.Есенберлин атындағы №25 гимназияның 4-сынып оқушысы Темірлан Аяған:

TopIQ-ді пайдаланған өте ыңғайлы, ол дәстүрлі оқулықтан жеңіл. TopIQ пайда болғалы бері менің сөмкем анағұрлым жеңілдеді. Осындай мүмкіндік барлық оқушыда болса деп ойлаймын.

 

«DIGITAL USTAZ» клубының алғашқы кездесуі

 

Бүгін «DIGITAL USTAZ» байқауының финалға шыққан қатысушылары байқаудан тыс жағдайда, «DIGITAL USTAZ» клубының мүшелері ретінде алғаш рет бас қосты. Оларды 06 желтоқсанда Республика сарайында байқаудың қорытындысы жарияланғанда «Алматыкітап баспасының» президенті Гаухар Саймасаева жеңімпаздарды сессияға қатысуға шақырған еді. Алда цифрлық технологияны Алматы қаласының білім беру жүйесінде дамытуға бағытталған көптеген жоспар бар. Бұл кездесу барысында мұғалімдер «Алматыкітап баспасының» цифрлық оқулықтарын дайындайтын қызметкерлерімен танысты. DIGITAL USTAZ-дың бірнеше бітірушісі «Алматыкітап баспасымен» электрондық оқулық жасау жұмысына қызығушылық танытуда.

 

DIGITAL USTAZ байқауының жүлдегері Ерлан Нұғман:Платформа шын мәнінде өте керемет, өйткені алдын-ала дайындалған материалдарды өз сабағында пайдалана алатындықтан, мұғалімдердің жұмысы біраз жеңілдейді. Күн сайын келесі күнгі сабаққа әзірленетін біздер үшін topiq.kz-тің уақыт үнемдейтіні өте маңызды.

Байқау басталды!

Сессияның қорытынды бөлімінде сессияға қатысушылар topiq.kz алаңында «Алматыкітап баспасының» электрондық оқулықтарын тиімді пайдалану бойынша республикалық «Leader TopIQ» байқауының басталғандығын ресми түрде жариялады.

Байқау үш негізгі кезеңнен тұрады:

1-кезең. https://leadertop.kz сайтына тіркелу және TopIQ.kz платформасын пайдалану тәжірибесі туралы бейнероликтерді орналастыру.

2-кезең. Электрондық оқулықтар платформасын пайдалану бойынша «Leader TopІQ» байқауының жартылай финалистерінің қатысуымен аймақтарға саяхат, сабақтарға, ашық сабақтарға, онлайн сабақтарға қатысу.

3-кезең. Байқау нәтижелері 2022 жылдың 29 сәуірінде жарияланады.

Жеңімпаздар 2022 жылдың 12 мамырында марапатталады.

Сессия жұмысы цифрлық білім берудің өзекті мәселелеріне арналғандықтан, электрондық оқулықтарды пайдаланудың технологиялық және әдістемелік негіздері туралы ойлар ортаға салынды.

Мектеп оқулықтарын әзірлейтін «Алматыкітап баспасы» «мектеп – ұстаз– оқушы» үшбұрышын жалғап тұрған сенімді көпір іспетті. Студенттер мен мұғалімдер тарапынан дамуға ұмтылуға қолдау көрсетуге дайын болу – жұмыстың басты қағидасы.

 Дамилә Қойшина, Бақтыгүл Бұрбаева