Жаңалықтар

Төтенше жағдай ұстаздарға да сын болды

  • Төтенше жағдай ұстаздарға да сын болды

    Төтенше жағдай ұстаздарға да сын болды

Бүгінгі күнде Covid-19 деп аталатын вирус төрткүл дүниеге тарап, бүкіл әлем алаңдауда. Бұл вирус біздің елімізді де шарпыды. Әрбір мемлекеттің басты байлығы – адам. Сондықтан да, мемлекетіміз өз азаматтарын аман сақтау үшін төтенше жағдай жариялады. Осы төтенше жағдай кезінде ҚР Білім және ғылым министрлігі қашықтықтан оқытуды қолға алды. Қиын кезеңге қарамастан бүкіл республика ұстаздары өз міндеттерін абыройлы атқаруға күш салуда. Біздің мектептің ұстаздар да бүгінгі таңда жұмылған жұдырықтай бірігіп, ауызбіршілікпен жұмыс жасауда.

Бастапқыда ұстаздарды «Қашықтықтан оқыту деген не? Оны қалай қолдану керек?» деген сауалдар ойға қалдырғаны рас. ҚРБҒМ-нің өткерген түрлі іс-шаралары, Нұр-Сұлтан қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері жасаған вебинарлары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның тренерлерінің кәсіби әдістемелік көмектері, т.б бізге қашықтықтан оқыту ерекшеліктерін терең түсінуге көмектесті. Сондай-ақ, «BilimLand», «Daryn.online», т.б сайттардағы материалдар мұғалімдерге үлкен көмек болды. You Tube «Өрлеу білім беру» арнасындағы сапалы дайындалған ресурстар да жаңа тақырыпты зерделеу бойынша оқушылардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Оқушылар «Балапан», «Еларна» телеканалдары арқылы белгіленген уақытта өз сыныптарына арналған бейнесабақтарды көріп, берілген тапсырмалармен жұмыс жасауда. Ұстаздар сабаққа керек материалдарды, оқушыға өз бетінше жұмыс жасауға тапсырмалар жүктеп, кері байланыс жасап отыр. Оқушыларға сабақ түсінікті болу үшін тиімді ресурстарды саралап, ғаламтордан түрлі материалдар іздестіріп, жаңа тақырыпты ашу үшін видео, презентация, суреттер дайындап, әрбір ұстаз әр сабаққа үлкен жауапкершілікпен қарауда. Білім беру саласын жақсартуға барын салған, бірін-бірі қолдаған, бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін қызмет еткен тілектес, ниеттес ұстаздар келелі істер ұйытқысы болып, қашықтықтан сапалы білім беруге аянбай атсалысуда.

Ұлы Даланың өткен күніне назар салсақ, ата-бабаларымыздың ақыл-зейініне таң қаламыз. Өз болашағы үшін ұлы мақсаттарға ұмтылған дана халқымыздың ерен еңбегі мен биік рухына сүйсінеміз. Қазақ халқы талай тар жол, тайғақ кешуде, кез келген сынақтарда шыдамдылық танытып, оларды мойымай жеңген. Біз кешегі ата-бабаларымыздан үлгі алып, өз күшімізге, мүмкіндігімізге бен ерік-жігерімізге сенуіміз керек. Еліміздегі жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту жүріп жатқан осы кезде жалын жігер танытайық ұстаздар!

Салтанат Аманғазиева

Алматы қаласы,

Алатау ауданы № 149 жалпы білім

беретін мектептің мұғалімі 




Көрілген: 730    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.04.2020, 23:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30