Жаңалықтар

Түлектер кешін өткізуге тыйым салынады

  • Түлектер кешін өткізуге тыйым салынады

    Түлектер кешін өткізуге тыйым салынады

2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша 6 515 елордалық оқушы аттестат алады. Салтанатты рәсім қаланың барлық орта оқу орындарында 3 маусымда өтеді, деп хабарлады  ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан әкімдігінен мәлім еткендей, аттестат оқу орындарының аулаларында тапсырылады. Одан кейін ағаш отырғызу рәсімі өтеді. «Елордада карантин режимінің сақталуына байланысты аталмыш іс-шаралар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, мектеп аулаларында өтеді. Оқушылар рәсімге мектеп формасымен қатысады. Аттестат тапсырғаннан кейін «түлектер аллеясында» көшет отырғызу акциясы жоспарланған. Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы ескертеді: мектеп бітіру кештерін өткізуге қатаң тыйым салынады», – деді қалалық Білім басқармасының баспасөз хатшысы Алтынай Зарлыққызы. Биыл 6 199 оқушы немесе оқушылардың жалпы санының 95% ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырады. Оның ішінде 3 665 - қазақ, 2 495 - орыс, 39 - ағылшын тілінде. Бұл ретте, ҰБТ өткізу форматы өзгеріссіз қалады, ұзақтығы - 3 сағат 50 минут. Тест екі блоктан – 3 негізгі пән (20 тапсырма) және 2 бейіндік пәннен (30 тапсырма) тұрады. ҰБТ-ға 11-ші сыныптың төртінші тоқсанының тапсырмалары енгізілмейді. «Карантин режимін ескере отырып, тест басталар алдында емтихан тапсырушылардың температурасы өлшеніп, оқушылар арасында қауіпсіз қашықтық сақталады. Сондай-ақ қосымша санитарлық шаралар қабылданады. Бұдан басқа, оқушыларды ҰБТ өтетін жерге тегін жеткізу қамтамасыз етіледі. Ата-аналар өз балаларының уақытында келуін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. ҰБТ басталғанға дейін ғимараттардың өртке қарсы қауіпсіздігі тексеріледі, медициналық көмек және құқықтық тәртіпті қорғау ұйымдастырылады», - делінген әкімдік ақпаратында. Биыл «Алтын белгіге» - 359, үздік аттестатқа 379 түлек үміткер. 




Көрілген: 195    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 05:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31