Жаңалықтар

Түлектердің мектеп пен ұстазға сыйлық беруіне тыйым салынады

  • Түлектердің мектеп пен ұстазға сыйлық беруіне тыйым салынады

    Түлектердің мектеп пен ұстазға сыйлық беруіне тыйым салынады

Мектеп түлектерінің білім ордасына, ұстаздарына сыйлық беруіне тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.«Биылғы оқу жылының бітуіне, мектеп шараларын өткізуге байланысты қаражат жиналмауы қатаң тәртіпте бақылануы тиіс. Оған әрбір мектептің басшысы жеке жауап береді. Мектептің әкімшілігі және қамқоршылық кеңесі барлық ата-аналармен мектепке немесе мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне сыйлық жасауға болмайтындығы жөнінде жұмыс жүргізуі қажет», - деді Шолпан Каринова министрліктің Facebook парақшасында онлайн режимде өткен аппарат жиналысында. Бұлтуралы www.nege.kz хабарлайды. 

Оның атап өтуінше, түлектердің қатысуымен өтетін іс-шаралар мектепте 11-сыныппен жұмыс істейтін педагогтердің, сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен жүргізілуі қажет. «Осы іс-шараларды өткізу барысында жасауға болмайтын жайттарға тағы бір назарларыңызды аударамыз. Біріншіден, іс-шараларды өткізу барысында әртүрлі агенттіктерді, жекеменшік студияларды не аниматорларды шақыруға болмайды. Мұндай іс-шаралар кең ауқымды болмауы да қажет. Мерекелік дастарқан жаяу мәселесі мүлдем қарастырылмауы тиіс. Мектеп бітірушілер бірнеше автомобиль жалдап, қала ішін, жергілікті жерлерді араламауы керек. Мейрамхана, дәмхана және басқа да көңіл көтеру орындарында түлектердің қатысуымен шаралар болдырмау үшін ата-аналармен тиісті жұмысты жүргізілуі қажет», - деді Шолпан Каринова.  




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 11:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30