Түнгі 12-ден кешіккен студенттер жатақханаға кіре алмай қалды

02 қазан 2022, 18:01

Түн ортасында жатақханаға келген жігіттерді комендант ішке кіргізбей қойған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Олардың комендант апайларына жалынып тұрған сәтінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

 

Студенттердің айтуынша, олар белгіленген уақыттан небәрі 5 минут қана кешіккен. Сөйтсе де, комендент шәкірттерді осы бастан темірдей тәртіпке үйреткісі келді ме, әйтеуір әйнектен телміртіп қойды.

 

 

Апай, біз сізді жақсы көреміз. Ұзақ жасаңыз, апай. Екінші анамызсыз ғой. Енді қайталанбайды, — деп жалынады жігіттер.

 

Осылайша бір топ жігіт қанша жалынса да, "қатал апайлары" біраз уақыт бойы есікті ашпайды.

 

Ал әлеуметтік желі қолданушылары студенттік өмірдің қызығы осында деп пікір қалдырды.

 

"Біз терезеден кіретінбіз", "Дұрыс тәртіпке бас ию керек. Сонда бәрі жақсы болады", "Бір рет болса жөн. Апайы кіргізсін енді. Түнде далада жаурап қалады", — деп жазды пікір білдірушілер.