Жаңалықтар

Түркия елшісі Қазақ-Түрік лицейлеріне қатысты пікір білдірді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақ-Түрік білім беру мекемелеріне Түркияның еш қатысы жоқ. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык мәлім етті.

«Қазақстан мен Түркияның ресми билігінің қолдауымен ашылған жалғыз білім ордасы бар, ол - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университеті. Қазақстанда Қазақ-Түрік атауы бар білім мекемелері Түркияның ресми билігіне түк қатысы жоқ. Олардың қызметіне қатысты барлық шешімдермен Қазақстанның құзырлы органдары, Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі айналысады», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, Қазақ-Түрік лицейлерінің ішкі мәселелерімен Қазақстан билігі айналысады және елшілік олардың жұмысына қатысты мәселелерді талқылай алмайды. Дегенмен оның сөзі бойынша, Түркияда бүлік жасаушы лаңкестік ұйымның тамыры барша әлемге тарап отыр. «Олар xалықтың ақшасына сатып алынған танктермен, ұшақтармен мемлекетті басып алмақ болды. Түркиядағы төңкеріс 30 жыл бойы ұйымдастырылған. Олар өте қауіпті екені анық. Сондықтан олардың тамыры жайылған мемлекеттер осыны ескеруі тиіс», - деді елші мырза.

Айта кетейік, 15 шілде күні Ыстамбұлда әскери бүлік орын алып, 200-ден астам бейбіт азамат қаза тапты. Қазіргі уақытта 10 мыңнан астам бүлікші ұсталды, бүлік барысында олардың 100-ге жуығы өлтірілді. Бұл көтеріліске «Түрік Қарулы күштеріне еніп алған Фетxуллаxшыл лаңкестік ұйымы ұйымдастырды» деп жарияланды.

Осыған орай, Қазақстанда қоғам арасында KATEV қорымен құрылған Қазақ-Түрік лицейлерінің тағдыры тақырыбы қызу талқыға түсе бастады.  

ҚазАқпарат




Көрілген: 1357    Пікірлер: 0

жұма, 29.07.2016, 15:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 18:48
    Мен жаңашыл ұстазбын
    20 Желтоқсан 2020
    Менің ұстазым...
    14 Желтоқсан 2020
    Тәуелсіздік туралы эссе

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31