Жаңалықтар

Түркия Қазақстандағы университетке 20 миллион доллар бөлетін болды

  • © Sputnik / Асем Миржекеева

    © Sputnik / Асем Миржекеева

Түркия Түркістандағы халықаралық қазақ-түрік университетінің дамуына 20 миллион АҚШ доллар бөлмек. Бұл қаражат университетті жаңғырту жұмыстарына жұмсалады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Университеттің даму жоспарын Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілетті кеңес төрағасы Мухитдин Шимшек талқылады.

 

Соған сәйкес оқу ордасында түркология, Ясауитану орталықтары ашылатын болды. Әлемдегі үздік оқу орындарынан мамандар тартылады. Жаңа факультеттер ашылып, үш тілде білім беретін мектеп салынады.

 

Университет емханасы заманауи жабдықтармен қамтылып, мамандардың түркиялық білікті дәрігерлермен тәжірибе алмасуы жүйеге қойылады. Университеттің ботаникалық бағы жөндеуден өтеді.

 

Облыс әкімінің айтуынша, жанып тұрған жастарды жұмысқа тартып, университет Түркістанмен бірге гүлденіп, дамуы тиіс. Сонымен қатар, оқу орнына берері мол азаматтарды таңдау қажет.

 

"Ішкі контент пен ұстазға, студентке деген талапты күшейткенде ғана әлемнің дамыған оқу ордаларымен теңдесе алады. Ол үшін студенттерді, мұғалімдерді материалдық тұрғыда қолдау керек", – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев талқылау барысында.

 

Сондай-ақ облыс әкімі арнайы шақыртумен келген университет мұғалімдерін баспанамен қамтамасыз етуді де ұсынды. Ол үшін ұстаздарға арналған көпқабатты үй – "профессорлар үйі" бөлінуі мүмкін.

 

Кездесуде университетте ауыл шарушалығы факультеті, зертхана, гидромелиорация саласының мамандарын дайындайтын факультет ашу, оқу орнының жеке спорт кешенін салу мәселесі көтерілді.

 

Ал Мухитдин Шимшектің сөзінше, Түркиядан профессор, оқытушы мамандар шақырылады. Университетті дамытуға шамаммен 20 миллион долларды құрайтын қаражат бөлінеді.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 669    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 11:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30