Жаңалықтар

Түркия республикасының 11-ші президенті Абдулла Гүл ҚазҰУ-ға келді

  • Түркия республикасының 11-ші президенті Абдулла Гүл ҚазҰУ-ға келді

    Түркия республикасының 11-ші президенті Абдулла Гүл ҚазҰУ-ға келді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл арнайы келіп, ғылыми кітапханада университеттің оқытушы-профессорларымен және студенттерімен кездесу өткізді. Тәуелсіз еліміздің 30 жылдығы құрметіне елімізге арнайы ат басын бұрған белгілі саясаткер, әлем таныған тұлға, мемлекет қайраткері оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер алдында дәріс оқыды. Сондай-ақ экономика, саясат саласындағы бай тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына да жауап берді.

Айтулы шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев, Олжас Сүлейменов, Смағұл Елубай, Марат Тоқашбаев, Қали Сәрсенбай, Сәбит Шілдебай сынды зиялы қауым өкілдерімен бірге дипломаттар мен БАҚ өкілдері де қатысты.


Шара басында сөз сөйлеген Жансейіт Түймебаев құрметті мейманға университетке келгендігі үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Түркияның  көпжылдық жемісті ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

« – Қазақстан мен Түркия – бауырлас мемлекет. Екі елдің қарым-қатынасы Тәуелсіздікке дейін басталған. Қазақстан егемендігін алғанда алғаш құттықтап, достық ниетін жеткізген Түркия мемлекеті болатын. 1992 жылы Қазақстан мен Түркия мемлекеттері ресми түрде дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Сондықтан біз үшін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және алдағы екі ел ынтымақтастығының 30 жылдығы аясында  Түркия Республикасының 11-ші Президенті Абдулла Гүл мырзаның университетімізге келгені айрықша мәртебе» - деді университет ректоры.


Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ, құрметті мейман Қазақстанды дамытудағы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елеулі рөлін айрықша атап өтті.

« – Осындай кездесуді ұйыдастырып, жылы қыбылдағандарыңыз үшін университет ректоры Жансейіт Түймебаевқа және ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Қазақстан біздің Атажұртымыз. Баршаңызды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын. Қазақстанның жетістіктерін біз ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланыстырамыз. Бүгінде елдеріңіз әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алып отыр.  Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының үлкен еңбегі. Ол халық пен елдің игілігі үшін көптеген шараларды ұйымдастырып, Қазақстанды жаңа деңгейге көтерді. Бүгінде Ұлт Көшбасшысының сара жолын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев абыроймен жалғастырып келеді», - деді Абдулла Гүл.
           Шара соңында Абдулла Гүлге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді. Сондай-ақ, университет ректоры Жансейіт Түймебаев мейманды Әл-Фараби Алтын медалімен марапаттады.

Еске сала кетейік, Абдулла Гүл 2002-2003 жылдар аралығында Түркияның премьер-министрі, кейін премьер–министрдің көмекшісі, шетел істері министрі қызметін абыроймен атқарған тұлға. Ал,  2007-2014 жылдар аралығында  Түркияның Президенті болды.




Көрілген: 758    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 20:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31