Жаңалықтар

Түркістан облысында 200 млн теңгеге салынған мектеп құлайын деп тұр

  • Түркістан облысында 200 млн теңгеге салынған мектеп құлайын деп тұр

    Түркістан облысында 200 млн теңгеге салынған мектеп құлайын деп тұр

Түркістан облысында балалар мен ата-аналар жергілікті әкімдікке шағымданды. Олар апатты жағдайда тұрған мектеп 1 қыркүйек жақындаса да әлі жөнделмегенін жеткізді, деп хабарлайды 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасы. 

Бұл білім мекемесінің салынғанына небәрі 10 жыл болғанына қарамастан, едені түсіп, қабырғасы үгіліп, үлкен жарықтар пайда болған. 

 
Мектепке бірінші қыркүйекте 130 оқушы білім алатын болады. Алайда мектептің бұл жағдайы ата-аналарды алаңдатып отыр. 

“Қараңызшы, іргетас сыртынан қалай көрінеді, терең жарықтар бар. Дәл осындай жарықтар ғимарат ішінде де бар. Біздің балалар мұндай мектепте қалай білім алады, бұл өте қауіпті”, – дейді ауыл тұрғыны Жандос Құттыметов. 

10 жыл бұрын мектепті 200 миллион теңгеге салған мердігер енді оның жұмысының сапасына жауап бермейді. Барлық кепілдік мерзімі аяқталды. Мектеп 150 оқушыға арналған. Бірақ ата-аналар балаларын бұл мектепке жіберуге қорқады. 

“Біз балаларды мектепке жіберуге қорқамыз. Біз қазірдің өзінде әкімдіктегілерге шағымдандық. Олар жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп уәде берді. Бірақ қашан жөндейтіндері белгісіз”, – дейді тұрғындардың бірі Тастан Қуатбеков. 

Аудандық білім бөлімінің өкілдері бәрі ата-аналар суреттегендей қорқынышты емес деп сендіреді. 

“Қабырғалардағы жарықтар 10 сантиметрге дейін, бірінші қабаттың жері қисайып кеткен, плиткалар жарылған, атап айтқанда олқылықтар тек қана асханада бар. Мұның бәрі техникалық сараптама кезінде расталды. Біз мектептің күрделі жөндеуін жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарды дайындауға 6 миллион 939 мың теңге бөлу туралы шешім қабылдадық және облыстық әкімдікке тиісті хаттар жібердік”, – дейді Төлеби ауданының адами даму бөлімінің маманы Пернебек Асанов. 

Бірақ ақша бөлуге, құжаттарды дайындауға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге уақыт қажет. Аудандық білім бөлімі 2022 жылы мектеп толық жөндеуден өтетініне уәде берді.




Көрілген: 307    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.08.2021, 11:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31