Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркістан облысында 50-ге тарта мұғалім жалған дипломмен сабақ беріп келген

19 желтоқсан 2022, 15:44

Түркістан облысында жалған дипломмен сабақ беріп келген 50-ге жуық мұғалімге қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы полиция департаментінің өндірісінде Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту департаменті жүргізген тексерудің қорытындысы бойынша 10 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

 

Онда түпнұсқасы жоқ жоғары білім дипломын пайдаланған 11 мұғалімге ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша айып тағылған.

 

Оның ішінде 5 іс - мектеп мұғалімдеріне қатысты болса, бесеуі - балабақша тәрбиешілері.

 

Сонымен қатар Түркістан, Сауран, Сарыағаш, Шардара аудандық полиция бөлімдерінде ҚР ҚК 385-бабымен 41 мұғалімге қатысты 12 қылмыстық іс қозғалған.

 

«Қазіргі таңда аталған қызметкерлерден толыққанды жауаптар алынып, қажетті сот-техникалық сараптамасы тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметте.