Жаңалықтар

Түркістан облысында мектеп директоры мен білім саласындағы шенеунік ұсталды

  • https://www.kt.kz/

    https://www.kt.kz/

Түркістан облысында мұғалімді жұмысқа орналастырғаны үшін пара алған аудандық Адам әлеуетін дамыту бөлімінің басшысы мен ауыл мектебінің директоры ұсталды, – деп хабарлады  Түркістан қалалық мамандандырылған тергеу соты. 

 

Түркістан тергеу сотының судьясы Сайрам аудандық адам әлеуетін дамыту бөлімінің басшысы Құралай Шадиева мен жергілікті №14 мектептің директоры Арман Пернебаевқа қатысты қаулы шығарды.

 

Оларға Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша айып тағылып отыр. Сот екеуін де қамауға алуға және тергеу кезінде тұтқында ұстауға санкция берді.

 

Олар өткен аптада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің жедел-тергеу жұмыстары нәтижесінде ұсталды. Күдіктілер мектепке мұғалімді жұмысқа орналастыруды ұсынып, миллион теңге сыйақы алмақ болған.

 

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

 

Екі күдікті де өздерін кепілмен босатуды сұрады, олар жылжымайтын мүлік пен қолма-қол ақша беруге дайын. Олардың өтінішін Түркістан облыстық соты қарастырады.

 

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 480    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.10.2021, 16:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31