Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркістан облысында мұғалімдерден ақша жинаған директорға қатысты іс қозғалды

01 тамыз 2022, 23:15

Түркістан облысында білім беру мекемелерінің 92 пайызы аттестациядан өтпей қалды. Сондай-ақ мұғалімдердің жалақысын пайдаланған мектеп директорларына сөгіс жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі департамент басшысы Ғалымжан Алматовке сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Талапқа сай емес деп танылған мекемелер ішінде 98 балабақша, 67 мектеп, 2 колледж бар.

 

Бұл олқылықтарды Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті анықтап отыр.

 

"Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкес келген 14 білім беру ұйымы, яғни 8 балабақша, 6 мектеп аттестатталды. Талапқа сәйкес келмеген 167 білім беру ұйымы, яғни 98 балабақша, 67 мектеп, 2 колледж аттестатталмады",- дейді департамент басшысы Ғалымжан Алматов.

 

Сондай-ақ департамент басшысы Сауран ауданындағы мектеп директоры мұғалімдерден ақша жинап, сол қаражатқа сынып бөлмелеріндегі тақталарды ауыстырғанын айтты.

 

Мектеп басшысының бұл әрекеті үшін әкімшілік іс қозғалған. Нәтижесінде директор Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 409-бабы бойынша жазаланған.

 

Бұдан басқа тағы үш мектеп директорының педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзғаны анықталған.